Атырау, 20 сәуір 10:58
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Мәскеу АҚШ дипломатиялық қызметкерлерін қысқарта бастады

2 165 просмотра


Кремль АҚШ жаңа санкциясы бекітіле салысымен, санкция атқарылмай жатып, қарсы реакциясын көрсете бастады. Ресей Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап, ел ішіндегі АҚШ дипломаттарына Мәскеудегі және Ресейдің бірнеше қаласындағы қоймаларды пайдалануға тиым салды. 

Сонымен бірге Ресейде тұратын АҚШ дипломаттар санын қысқарту туралы ұсыныс тастады. Бұл туралы Би-Би-Си арнасының ақпараттық сайты жазып отыр. Егер АҚШ тарабы Ресейге бағытталған жаңа санкция жобасын бекітпегенде, Мәскеу жақ мұндай мінез көрсетпесі анық еді. Дегенмен Кремль өзінің шектеу шараларын АҚШ санкциясының лебі жетіп үлгермей жатып бастап кетті. Кремльдің мұнысы «қорыққан бұрын қол жұмсайды»-ның өзі болса керек.

Ресей СІМ бекіткен шектеу шарасы бойынша, 1 қыркүйекке дейін Мәскеудегі, Санкт-Петербург, Владивосток қатарлы қалалардағы АҚШ елшіліктеріндегі дипломатиялық және техникалық қызметкерлерінің саны, Ресейдің АҚШ-та тұратын қызметкерлерінің санымен бірдей болуы керек делінген. Бұл ұсынысты қабылдайтын болса, АҚШ Ресейдегі қызметкерлерінен 455 адамды қысқартуға мәжбүр болады. Кремльдің бұл қадамы АҚШ жаңа санкциясының Ресейді алаңдатып отырғанын түсіндіреді. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


31 шілде 2017, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.