Атырау, 25 сәуір 04:16
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

""Үлкен террорға" 80 жыл: репрессия тарихы қалай зерттеліп жатыр?", "Сағадиев Елбасының тапсырмасына қарсы ма?", "Бесіктен белі шықпай бесік тербеткендер...", "Трамп екі оттың ортасында қалды"

2 153 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Жалғандағы жалғыз адам" - Шарасыздықтан прокурор мен тергеушіге оқ атып, кейін өзіне-өзі қол жұмсаған Өмірбек Жампозовтың адам басына бермес трагедиялық тағдыры туралы әңгіме таяу арада басыла қоймас. Өйткені көкірегі ояу, көзі ашық кез келген адам осы шенеунікке қарап, оның видео арқылы билікке жеткізгісі келген ащы шындығын естіп, «осы азаматтың орнында мен де болуым әбден мүмкін еді ғой, сол кезде мен не істер едім?!» деп бір сәт болса да ойланып қалары сөзсіз. Сондықтан бұл тақырып баспасөзде, асүйлерде, дастархан басында әлі де өз жалғасын табары хақ.

"Бесіктен белі шықпай бесік тербеткендер..." - Күн сайын дамушы елдерде кәмелетке толмаған 20 мың қыз оң жақта отырып босанып қалады екен. Ал бір жылда олардың саны орта есеппен 7,3 миллионнан асып жығылады. Жұмыр жерді шарпыған бұл қатер қазақ қыздарын да айналып өте алмаған. Елімізде соңғы бес жылда жасөспірімдер арасында жүктіліктің 33 051 фактісі тіркелсе, орта есеппен жыл сайын 3000-ға жуық жасөспірім қыз жүкті болады екен. Оған қоса, 15 және 18 жастағы қыздардың 9906 жасанды түсігі тіркелген. Бұл мәлімет пайыздық көрсеткіш бойынша Батыс Еуропа елдерінен екі-үш есеге артық.

"Байлар ғана семірмейді" - «Көргеніміз – той, жегеніміз қой болсын» деп, ет жемесе ішіне ел қонбай, тамақтану тәртібіне тым салғырт қарайтын қазекем семіру жағынан алдыңғы орында екен. Иә, Қазақстан бірнеше жылдан бері Орталық Азияда семіздік бойынша бірінші орында: елдегі әрбір төртінші ер адамда артық салмақ бар және олардың семіздігі әлемдегі орта шамадан екі есе жиі кездеседі. Кей сарапшылар мұны экономикалық өсіммен байланыстырса, кейбірі ет пен пайдалы азық алуға ақшасын үнемдей бастаған халық арзан әрі семіртетін тағамдарды көбірек тұтына бастауынан көреді.

AZATTYQ.ORG. ""Үлкен террорға" 80 жыл: репрессия тарихы қалай зерттеліп жатыр?" - AzattyqLIVE "Үлкен террор" кезіндегі Қазақстан, одан бергі кезеңдегі репрессия тарихының зерттелуі туралы тарихшы, профессор Хангелді Әбжановпен талқылады.

"Туыстары мен таныстары Жампозовтың айыбы болғанына сенбейді" - Тергеуге іліккен соң прокуратура мен полиция қызметкерін жаралап, кейін өзі қаза тапқан Өмірбек Жампозовтың бұрынғы әріптестері марқұмды «талапшыл да сыпайы басшы болған» деп сипаттайды.

INFORMBURO.KZ. "Алматының Арбаты көше өнерпаздары үшін үлкен сахна баспалдағы бола ма?" - Алмас кездік қын түбінде жатпайды. Арбатта көпшіліктің көңілін көтеріп жүргендердің арасында тума таланттар көп.

QAZAQTIMES.COM. "Әлемдік желі қарақшыларының сұрқиялығы әшкереленді" - Оңтүстік Корея үкіметі санасатын Корей қаржы институты бүгін түстен бұрын жариялаған мәліметінде Солтүстік Кореяның желілік әскери қосыны сұрыпталған бірнеше қызмет топтарына бөлінгенін айтты. Қазір Солтүстік Кореядан келетін кибер шабуылдар мен қаржы ұрлау істері барған сайын көбейіп келеді деп мәлімдеді. Бұл туралы «The Wall Street Journal» басылымының сайтында жазылды.

ABAI.KZ. "Сағадиев Елбасының тапсырмасына қарсы ма?" - Біздегі басы даудан арылмаған министрдің бірі болса, ол Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев. Министр болып келгеннен бастап қоғамның қарсылығына ұшыраумен келеді. Оның себебі министрдің ұлт болашағына деген жауапкершіліксіздігінен болса керекті. Бірақ, біздің министрді қоғамның пікірі қызықтырмайды да. Біздің пікірімізге қызықпайтын министр енді Елбасының сөзіне де қарсы келе бастаған сияқты.

"Мырзатай Жолдасбеков. Шапан сыры" - Ата мұрасының қайсыбірінің қадіріне жете бағалау үшін қадір-қасиетін жете білу парыз. Ендеше қарапайым ғана шапанның сыр-сымбатына қанығып көрелік.

AIKYN.KZ. "Әлемдік тренд: Қазақстандағы исламдық қаржыландыру" - Еліміздегі исламдық қаржыландыру жүйесі 2009 жылдардан бері жұмыс істеп келеді. Бірақ оның қарыштап дамуына «Астана» халықаралық қаржы орталығы тікелей ықпал етпек. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен дайындалған «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» мемлекеттік бағдарламасында 71-қадам «Қаржы орталығының даму стратегиясын капитал нарығына қызмет көрсету және исламдық қаржыландыру мамандығына сәйкес әзірлеу» деп көрсетілген. Бұл тұрғыда қаржы орталығы әлемнің белді қаржы институттарымен келіссөздер жүргізіп, тәжірибе алмасудың жолдарын қарастыруда.

"Трамп екі оттың ортасында қалды" - АҚШ конгресінің жоғары палатасы Ресей, Иран және Солтүстік Кореяға қатысты санкция енгізу туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады. Енді оның жалғасы қалай болады: Аталған заң жобасына Дональд Трамп қол қояды.  Reuters агенттігі хабарлағандай, заңның қабылдануы үшін 76 сенатор жақтап дауыс берді, тек біреуі ғана бұл жобаға қарсы шықты. Заң «Американың жауларына санкция салу арқылы қарсы әрекет ету» деп аталады. Бұл жобаны демократтар да, Трамптың қолдаушылары болып табылатын республикашылдар да жақтап дауыс берді. Енді соңғы сөз – Трампта. Ақ үй басшысы не істеуі мүмкін? Егер оған қол қоймаса, онда шаруа бітті! 

SPUTNIKNEWS.KZ. "Биыл Қазақстанда қай жолдар ақылы болады?" - Қазіргі уақытта Астана-Бурабай автожолымен жүру үшін ақы төленеді, жол жүру ақысы километріне бір теңгеден аспайды әрі жинақталған қаражат, инвестиция және даму министрлігі мамандарының айтуынша, жолдың сапасын жоғары деңгейде сақтауға жеткілікті. Мұндай тәжірибені республика бойынша кеңейтіп, басқа да жол учаскелеріне енгізу жоспарланған.


28 шілде 2017, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.