Атырау, 23 сәуір 22:46
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

"Айдос Сарым: Жаңа әліпбиге өту – ұлттық нартәуекел", "Бейбіт Қойшыбаев, жазушы: қазіргі қазақ ұлтшылдығының міндеті – ұлттық мемлекет құру", "Бүгінгі қайырымды көршің ертең жауыңа айналуы мүмкін", "Еуразияның «нан кәрзеңкесіне» айнала аламыз ба?"

2 180 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Бейбіт Қойшыбаев, жазушы: қазіргі қазақ ұлтшылдығының міндеті – ұлттық мемлекет құру" - Қазіргі қазақ ұлтшылдығы қазақтың жоғалуға бет алған ұлттық құндылықтарын жаңғыртуды, қайта түлетуді мақсат ететін, оларды жалпыадамзаттық құндылықтармен байыта отырып, арамыздағы барша ұлт өкілдерін қазақ мүддесінің орындалуына атсалысатындай дәрежеде маңына топтастыра алатын қасиетке ие болуға тиіс. Бүгінгі ұлтшылдық үлкен құбылысқа айналмаса да, белгілі дәрежеде ұлт қамын жеушілік, яғни ұлтшылдық сезім көп азаматтың бойында бар ғой деп ойлаймын.

"Бүгінгі қайырымды көршің ертең жауыңа айналуы мүмкін" - Жер шарындағы судың тек 1 пайызы ғана тұтынуға жарайтын тұщы су. Яғни ауызсу тапшылығы ХХІ ғасырдағы ең күрделі, қауіпті экологиялық күйзеліс, әлеуметтік дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін. Халықаралық зерттеу орталықтарының болжамдарынша, 2025 жылға қарай әлемдегі 5,5 миллиард адам тұщы су жетіспеушілігінің зардабын тартады. Соңғы 60 жылда тұщы суды тұтынудың көлемі сегіз есе ұлғайса, алдағы он шақты жылда бұл сан тағы бірнеше есе өсуі мүмкін. Мұның себебі – халық санының және экономиканың өсу үрдісі, жаһандық жылыну. Ғалымдардың есебінше, бір килограмм алма өсіру үшін 700 литр, бір келі сиыр етін өндіруге 15 000-18 000 литр, бір автомобильді жасап шығару үшін 200-300 тонна су қажет.

AZATTYQ.ORG. "«Сталинизмді ақтау жасырын жүріп жатыр»" - Ресейдің Пермь қаласында сталиндік қуғын-сүргін тарихы туралы мектеп мұғалімдеріне арналған әдістемелік құралдан дау шықты. Туынды авторларының бірі, тарих ғылымдарының докторы Андрей Суслов әдістемеге «оқушылар үшін қауіпті» деген баға берген екі сарапшының пікірін сайтына шығарған Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникация саласын қадағалау жөніндегі федералдық қызметін (Роскомнадзор) сотқа берді.

"Каспий маңындағы экологиялық ахуалдың «гендік мутацияға әсері»" - Маңғыстаудағы «Қошқар ата» уран қалдықтарын сақтау қоймасы іргесіндегі Басқұдық ауылында кемтар балалар көбейіп барады. Аймақты зерттеген биолог-ғалым Айтқожа Бегалиев мұны зиянды қалдықтың адам ағзасына әсерімен байланыстырады.

INFORMBURO.KZ. "АҚШ-қа саяхатқа сіз ойлағандай көп қаржы кетпейді" - Шетелге саяхаттап баруға сіз ойлағандай тым көп қаржы кетпейді. Тек қолыңыздағы қаржыны қайда жұмсауды көңілге қонымды қып ойластырсаңыз болғаны.

QAZAQTIMES.COM. ""Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымында болған әйелдер халифат қатарына неге қосылғандарын айтып берді" - BBC ақпараттық агенттігі Сүрияда "Ислам мемлекеті" лаңкестік ұйымының қатарында болып, кейіннен жихадшылардың қолынан қашып құтылған әйелдер туралы репортаж дайындады. Алғаш рет камера алдында халифат қатарына неге қосылғандарын бүкпесіз баяндаған әйелдер әлі де террористердің жанында өмір сүріп жатқандарға, "бұл әрекет сендерді уәде етілген жұмаққа апармайды" деген үндеу жолдады.

ABAI.KZ. "Сағадиев - құдай емес, пайғамбардың үмбеті де емес!" - Былығы басынан асып жатқан Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев БАҚ-тың нысанасына тағы ілінді. Бұл жолы реформатор министр Сағадиев сөзжарыстан қашты.

EGEMEN.KZ. "Айдос Сарым: Жаңа әліпбиге өту – ұлттық нартәуекел" - Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жарияланып, қоғамда талқыланып жатқанына үш айдан астам уақыт өтті. Бұл ретте Елбасының мақаласында атап көрсетілген бағыттарға қатысты қоғамда ұлттық консенсус толық қалыптасты десек, латын қарпіне өту туралы мәселеде әлі де болса қобалжу бар сияқты. Осыған орай баспасөзде, Интернет пен әлеуметтік желілерде айтылған сыни пікірлерге, нақты сұрақтарға, жұрт ішіндегі күдік пен күмәнге нақты жауап беріп, латын қарпіне көшуді қолдайтын қауым атынан нақты пікір айтатын кез келді деп ойлаймын.

"Жампоз Жозе" - Жозе Моуринью – әлем фут­бо­лын­дағы әйгілі есім. Білікті футбол маманы, қазір «Манчестер Юнайтед» футбол клубының бас бап­кері. Оның шалт мінезі мен ті­ке айтатын өтімді жауаптары әлем ақпаратының аузында.

AIKYN.KZ. "Еуразияның «нан кәрзеңкесіне» айнала аламыз ба?" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында: «Астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі» болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өңделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті бола аламыз», – деп атап өткен еді. Қарап отырсақ, еліміз үшін «нан кәрзеңкесіне» айналудың екі жолы бар. Бірі – бидай экспорты, екіншісі – ұн. Соңғысы тиімдірек. Себебі, өңдеу өнеркәсібі арқылы жұмыс орнын көбейтуге, одан асса көбірек пайда табуға болады. Бір кездері еліміз ұн нарығындағы көшбасшылығынан айырылып барады деп уайымдаған едік. Бірақ қазіргі жағдайда алаңдауға себеп жоқ. Себебі, бүгінде ұн экспорты 2010 жылдардағы жоғары деңгейге қайта көтерілді.


27 шілде 2017, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.