Атырау, 19 сәуір 09:33
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Педофилді ұрып-соққан сержант босатылды

2 442 просмотра


Педофил делінген ер адамды ұрып-соққан сержант пәтерін кепілге қойып, бостандыққа шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сержантқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы бойынша ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. 

"Ер адамды кепілге босату туралы өтініш оның туыстарынан келіп түсті. 2017 жылдың 24 шілдесінде Сәтбаев қаласында полиция қызметкерінің қызметтік міндеттерін атқару барысында педофил делінген ер адамды ұрып-соғу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкері ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 128-бабы бойынша ұсталып, Жезқазған қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметіндегілер. 

Осыған дейін педофилді ұрып, видеоға түсірген полицейдің жұмыстан қуылғаны хабарланған болатын. Облыстық ІІД баспасөз қызметіндегілер видеоға қатысты пікір білдірді. Олардың мәліметіне қарағанда, жас сержант қарауыл болып қызмет еткен және ендігі жұмыстан шығарылған.  Ал экс-полицейдің өзі осы жағдайға қатысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, зардап шеккен қыздың жағдайы бұрынғыдай орта деңгейде деп бағаланып отыр. Оған ота жасалды.

Еске салайық, Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласының 5 жасар тұрғыны 23 шілдеде жоғалып кетіп, кейін 50 жастағы осы педофилдің пәтерінен табылған еді. Ер адам қызды зорлағанын мойындады.

Дереккөз: Tengrinews.kz



27 шілде 2017, 11:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.