Атырау, 29 наурыз 19:03
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Супер келін

7 607 просмотра


Атырауда Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы қолдауымен, «Жүректен жүрекке» ҚҚ ұйымдастыруымен облыстық «Қазақтың келіндері-ай» сайысы өтті.

Бұл жолы сайысқа облыс аудандары мен қаладан 6 келін қатысып, бақтарын сынады. «Таныстыру», «Бесік жыры», «Шаш өру», «Ситуациялық сұрақтар» деген төрт айналымнан тұрған байқауда жас келіндер өздерін ақылдылығымен, нәзіктігімен, мықтылығымен, мейірімімен көрсете білді.

Сайыстың қорытындысында қазылар алқасы бірінші орынды Махамбет ауданы Жалғансай ауылынан келген келін Ұлболсын ТІЛЕКҚАБЫЛОВАҒА берді. Екінші орынды Еркінқала ауылының келіні Әсел КЕНЖЕТАЙ, үшінші орынды Құрманғазы ауданының келіні Динара ҒАТАУОВА жеңіп алды. Оларға дипломдар мен бағалы тұрмыстық бұйымдар табысталды.

Ұлболсын Тілекқабылова мектепте медбике болып жұмыс істейді. Ол осыдан 4 жыл бұрын тұрмысқа шыққан, екі баласы бар. 

- Мұндай сайысқа алғаш рет қатысып отырмын. Қобалжу болды. Жолдасым, енем қарсы болған жоқ, алайда, бүгінгі жарысқа оларды шақырған жоқпын. Себебі, қысыламын, - дейді жеңімпаз.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Суретті түсірген автор

26 шілде 2017, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.