Атырау, 20 сәуір 13:21
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"«Қазақ туризмі» не үшін құрылды?", "Әзімбай Ғали. Орыс мектебі қазақ есебінен толықпауы тиіс", "Ердоған арабтың дауын неге сатып алды?", "«Время» Аятжан мен қазақ сыныптарына қарсы "соққы" берді"

2 073 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Қазақ туризмі» не үшін құрылды?" - Үкімет «Қазақ туризмі» ұлттық компаниясын құрды. Оның мақсатын таныстырған мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақстандағы туризмді дамыту, елге келетін шетелдіктердің санын көбейту және туристік салаға инвесторлар тарту» дейді. Министрдің сөзінше, шетелдік инвестор ел туризміне ақша құюға мүдделі. Дұрыс-ақ делік. Бірақ бізде мемлекет мойнындағы ұлттық компаниялардың басым бөлігі масылдықтан арыла алмай жүр. Осы себепті туризм саласында ұлттық компания ашқан қаншалықты дұрыс деген сұрақ туындайды.

"«Үкімет өзіне қандай мамандар керегін білмейді»" - Әлеуметтік зерттеулер Қазақстан мектептеріндегі оқушылардың 87 пайызы мамандық таңдауда қызығушылығына қарай емес, ата-анасы мен мұғалімдерінің айтқанына құлақ түретінін анықтаған. Сарапшылар елде біраз жылдан кейін қандай мамандықтар сұранысқа ие болатыны әлі зерттелмегеніне, еңбек нарығында бітірген оқуы бойынша жұмыс істемейтін кадрлардың көбейіп жатқанына алаңдайды.

AZATTYQ.ORG. "«Жыныстық бопсаның» өтеміне 7 миллион теңге талап ету" - Қостанай облысының тұрғыны Анна Белоусова «жұмыс орнында жыныстық бопсаға ұшырағаны үшін» биліктен 7 миллион теңге талап етіп отыр. Адвокат сөзіне қарағанда, БҰҰ-ның әйелдер құқығы комитетінде ісі қаралған Белоусова күйзелістен жүйкесі жұқарып, депрессияға түскен.

"Саакашвили Грузияға экстрадициялануы мүмкін бе?" - Украина президенті Петр Порошенконың Тбилисиге сапары қарсаңында «Грузияда 10 жыл президент болған кезіндегі әрекеттері үшін сотқа тарту мақсатында Михаил Саакашвили Украинадан экстрадициялануы мүмкін» деген түрлі алыпқашпа әңгіме тарап кетті.

INFORMBURO.KZ. "Түркиядағы Алтай ауылының қазақтары ана тілінен айырылуға жақын" - Түркиядағы Алтай ауылында небәрі жиырма шақты қазақ отбасы тұрады. Туған тілдерін ұмытпай, салт-дәстүрін сақтауға қаншалықты тырысса да, болар емес.

ABAI.KZ. "Әзімбай Ғали. Орыс мектебі қазақ есебінен толықпауы тиіс" - Қазақ мемлекеттік тілді негіз еткен саяси ұлтқа айналуы керек: болашақта демографиялық өсім азаяды, қазақ репатриациясы азаяды, қазақтың қалалық ұлтқа айналуы (сапалық өсім әсері) мүмкіндігі азаяды. Бүгінгі күнде қалалық қазақ 60 пайыздан асты. Бірақ сонда да қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде орнықпай жатыр. Есесіне орыс тілділер қатары және саны, саяси ықпалы өсіп келеді.

"«Время» Аятжан мен қазақ сыныптарына қарсы "соққы" берді" - Ана тіліміз жайлы сөз қозғалғанда елең етпейтін жан қалмайтындығы белгілі. Өйткені Елбасымыздың өзі «Қазақ елінің болашағы қазақ тілінде» дегенде бекер айтпаған болар. Ол шындығында да солай. Ендеше болашағымыз жайлы, ертеңгі күніміз хақында ой қозғағанда қай-қайсымыз да алаңдап отырамыз. Мемлекеттік мәртебе алғанымен, әлі де сол биіктен көріне алмай жүрген тіліміздің бүгінгі хал-жағдайы «мен қазақпын» деген жанды бей-жай қалдырмайтындығы тағы да шындық. Оның жетістігіне сүйінеміз, кемшілігіне күйінеміз.

QAZAQTIMES.COM. "Ердоған арабтың дауын неге сатып алды?" - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 23 шілде күні Стамбулдан Шығанақ елдеріне сапарға аттанды. Сапарының басты мақсаты көп уақытқа созылған Катар дағдарысында Шығанақ елдері арасында делдалдық кездесулер жасау. Екі күнге жалғасқан сапарында Түркия басшысы Сауд Арабиясы, Кувейт және Катар қатарлы үш елде сапарда болып қайтты.

QAMSHY.KZ. "Магистратураға грантқа түсу үшін қанша ақша керек?" - Магистратураға түсу үшін IELTS – 5,5 және өз мамандығыңыз бойынша біліміңіз болуы керек. Алайда қазір аталған қағидалармен қоса қолыңызда ақша болуы міндетті секілді. Мұны еліміздегі кейбір университеттерде болып жатқан жағдайға байланысты айтып отырмын. 

"Нұрсұлтан Назарбаевтан кейінгі Қазақстан..." - «Нұрсұлтан Назарбаевтан кейінгі Қазақстан қандай болмақ? Билікке кім келеді?». Дәл осы сұрақ бүгінде көптің алаңдаушылығын тудырған. Қазақстан тәуелсіздік алғалы елді басқарған бір ғана президент болды. Егемендікке қол жеткізгелі Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізген билігінен өзгені көрмеген халық Елбасынан кейінгі Қазақстанның хал-ахуалын әр түрлі болжайды.

JASQAZAQ.KZ. "Бардың бағасына жетіп жүрміз бе?" - Өнерлісіне қонған ауылынан жетегіне ат байлайтын қазақ едік. Міне, бүгін ардақтыларымыздың тақымына басар қылқұйрық тауып беруге дәрменіміз жетпейді. Неге? Шынымен қауқарсыз болғанымыз ба? Әлде ардақты азаматтардың  қадірі жоғалғаны ма?

26 шілде 2017, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.