Атырау, 26 сәуір 01:31
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Бір күн және үш сағат

2 215 просмотра


Мақат ауданындағы халыққа қызмет көрсету орталығында баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу секілді қызметтерді енді үш сағат ішінде алуға болатын бірлескен пилоттық жоба басталды.

Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Әділет министрлігінің бұл жобасы бірнеше облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында жүзеге асырылуда.

- Біздің өңірімізде жоба жұмысы әзірге бір аудандық ХҚКО-нан басталды. Ал кейін бүкіл өңірде жүзеге асырамыз, себебі бұл үлкен дайындық жұмыстарды талап етеді, - дейді Атырау облыстық халыққа қызмет көрсету орталығының баспасөз хатшысы Нұрлыбек БАҚТЫҒАЛИ. – Бүгінде мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тіркеу - бір жұмыс күні ішінде, бала тууды тіркеу және заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу - 2 жұмыс күнінде ресімделеді. Енді Мақат ауданында бұл үш сағаттың ішінде жасалады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 шілде 2017, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.