Атырау, 20 сәуір 14:29
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Америкалық еврейлер Израиль еврейлеріне қарсы шықты

2 095 просмотра

Нью-Йорк БҰҰ ғимаратының алдында наразылық шеруін бастаушылар. Фото: Twitter
Израиль-Палестина қақтығысы қайта өршігелі тұрған тұста, Америка Құрама Штатындағы православ еврейлері Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының алдында Израильдің жолсыздығына қарсы наразылық акциясын өткізді. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің ресми сайты жазды. 

Нью-Йорк қаласындағы БҰҰ ғимараты алдында жиналған наразы топ қолдарына Палестина туын көтеріп, «Палестина палестиналықтарға қайтарылсын!» деп ұрандады. Олар Израиль үкіметінің әл-Ақса мешітінде жасаған шабуылын айыптап, бітпес қақтығысқа наразы екендіктерін білдірді. 

Израиль үкіметі осыдан бұрын әл-Ақса мешітіне мұсылмандардың кіріп, құлшылық етуіне шектеу қойған болатын. Бұл бірнеше жылдан бері тынышталып қалған Израиль-Палестина арасындағы қақтығысты қайта өршітті.

Дереккөз: qazaqtimes.com


26 шілде 2017, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.