Атырау, 25 сәуір 06:49
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Реал" клубы футбол тарихындағы ең қымбат ойыншыны 160 миллион еуроға сатып алмақшы

2 446 просмотра


"Реал" клубы "Монаконың" форварды Килиан Мбаппені (суретте) сатып алуға келісті, - деп хабарлайды Sports.ru. 

Мадридтік клуб монаколық футболшы үшін 160 миллион еуро төлейді. Тағы 20 миллион еуроны "Монако" бонус ретінде алуы мүмкін. Тағы бір мәлімет бойынша, "Реал" бастапқыда 150 миллион еуро төлеп, қалғанын 30 миллионды бонус ретінде беруі мүмкін. Осылайша монаколық футболшы футбол тарихындағы ең қымбаты ойыншы болуы мүмкін. 

Әзірге рекордтық сома Поль Погбаға тиесілі. Өткен жылы "Ювентус" клубы футболшыны "Манчестер Юнайтед" клубына 105-110 миллион еуроға сатып жіберген болатын. 

"Реал" мен "Монако" ресми түрде келісімшарт жасасқан уақытта, Мбаппе мадридтік клуб сапында алты жылдық келісімшартқа қол қояды. Оның жылдық табысы 7 миллион еуро болады. Бұл салықтан кейінгі түсетін сома. Екі жақ келісімшартты жақын күндері жасамақшы.

Дереккөз: Тengrinews.kz 


25 шілде 2017, 17:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.