Атырау, 24 сәуір 06:40
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Екі есе төлем

2 676 просмотра


«Атырау Су Арнасы» КМК Атырау облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұйғарымы бойынша жеке вакуум машиналарының иелерінен булану алаңына сарқынды суларды төккені үшін ақы алуды тоқтатты.

«АтырауСу Арнасы» қосымша табыстан бойұсына, үнсіз ғана бас тартты. Біз де бұл туралы кейінірек кездейсоқ білдік. АСА біздің сауалымызға жауап ретінде былай деп хабарлады: «Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының ұйғарымы бойынша және орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылмаған септигі бар абоненттерден (жеке тұлғалардан) су бұру қызметі үшін «екі есе төлем» алу түсінігін жою мақсатында Атырау қаласының оң жақ жағалаудағы кәріздік тазарту құрылғысының төгу пунктіне сарқынды суларды төккені үшін жеке көлік-вакуумдардың қожайындарынан ақы алу тоқтатылды».

Естеріңізге салсам: су дайындау кәсіпорны іс жүзінде бір нәрсе үшін екі рет ақы алып отыр. Жеке септиктердегі сарқынды суларды кәріздік тоған-буландырғыштарға бұру туралы биылғы ақпан аяғында жазған едік.

Булану алаңына барған сайын арнайы көлік жүргізушілері ҚҚС-сыз бір текше үшін бекітілген тариф бойынша 151 теңге төлейді. 3 текше үшін 596 теңге және 10 текше үшін 1 600 теңгедей (салықпен) шығады. Бұл тарифті вакуум иелері абоненттердің шығындарына енгізді, сондықтан бір шақырту орташа алғанда көлеміне қарай 3-7 мың теңгеге шығатын. Ал «Атырау Су Арнасы» өз қызметтерінің ай сайынғы түбіртектеріне «кәріз сарқындыларын бұру» тарифін қосатын.

Осылайша, орталықтандырылған кәріз жүйесі жоқ жеке сектордың тұрғындары екі есе төледі. Бұл тәжірибе ұзақ жылдарға созылды, ал биылғы жылы наурыздың аяғында облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы АСА қызметін тексеруге кірісіп, кенеттен біз жазған мәселені «анықтады».

«...кәсіпорынның су бұру қызметі үшін жеке вакуум көліктерінің иелерінен де, септиктері бар 17 409 тұрғын үй қожайындарынан да бір мәрте төлем алу тәжірибесін қолданып жүргені анықталды, бұл екі есе ақы алуға әкелді... жеке вакуум көліктерінің қожайындарына Атырау қаласының оң жақ жағалауындағы сарқынды суларды тазарту құрылғысының төгу пунктіне сарқындыларды тегін төгу туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, 17 409 абонентке 9,2 млн теңге сомаға қайта есептеу жүргізілді.

Алынған шаралар жеке вакуум көліктерінің сарқынды суларды тасымалдау бағасын төмендетуіне және қалалық кәріз жүйесіне сарқынды суларды төгу фактісінің жойылуына әкеледі деп жорамалдаймыз», - деп жазды біздің сауалымызға берген жауабында облыстық табиғат қорғау прокуроры Владимир МАЛАХОВ.

Прокурордың көңілін түсіргіміз келмейді, алайда бақылау болмайынша мұндай ізгі ниеттер ақтала бермейді. Әзірге вакуум қожайындары өз бағаларын төмендетуді ойға алар емес. Сонда прокуратура тек соларға ғана еріксіз көмектескен болып шыққаны ғой.

Айтпақшы, АСА абоненттермен қайта есептеу жүргізді. Егер сіздер байқамаған болсаңыздар, сәуір айындағы түбіртекке назар аударыңыз. Ол жерде кәріз жүйесін бұрғаны үшін ақы есептелмеген. Осымен болды. Жеке үйлердің тұрғындары АСА-ға да, арнайы көлік қожайындарына да ақы төлеуді жалғастыруда. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

25 шілде 2017, 16:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.