Атырау, 20 сәуір 03:10
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Жампозов өлімі жемқорлыққа батқан жүйені өзгерте ала ма?", "Оқу бітірген жас маман жұмыссыз неге қаңғып жүр?", "Ерлері «терроризммен» сотталған әйелдер «қысым қатты» екенін айтады", "Рәбиға Сыздықова: Үш тілді бірден оқытқанда бала­ның ана тілі болмайды"

2 016 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Жампозов өлімі жемқорлыққа батқан жүйені өзгерте ала ма?" - Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасы ғимаратының алдындағы атыс елді әжептеуір селт еткізгені анық. Дегенмен де соңғы кездері біздің қоғамның мұндай тосын жайттарға еті үйреніп кетті ме, әйтеуір, ел баяғы өз-өзін өртеп, күйіп өлген жас жігіттің уақиғасындай улап-шулап, бұл суицидтің себеп-салдарын тергеп-тексеріп, ұзақ уақыт талқылаған жоқ. Қандай жағдай әсер етсе де, жұрт бұл оқиғаның қалай өрбігенін ғана біліп, «алда байғұс-ай, ашынғаннан кейін осындай қадамға барған ғой» деп аяушылық білдіргеннен арыға бара алмағандай.

"Алжир, Макондо һәм Қазақия" - Әрине, теледебат еліміздегі «демократияның» көрінісі де, «Хабар» телеарнасының «ерлігі» де емес. Кез келген есі дұрыс, парасатты елде теледебат адамның таңертең тұрып, тісін тазалауы сияқты дабыраламай, аспандатпай өткізілетін шарасы. Оны ешкімге міндет қылудың жөн-жосығы жоқ. Кез келген үкімет мүшесі, депутат, саяси партия өкілі, қоғам белсендісі өз ойлары мен ұстанымын халыққа жеткізу үшін, түсіндіріп-ұғындыру үшін адаммен де, сайтанмен де дебатқа шығып, айтысуға дайын болуы керек. Бұл мектептің үшінші сынып оқушысына да түсінікті дүние. Бұл шынайы демократиялық мәдениет. Дебат – кеңірек айтсақ, айтыс, қажет десеңіз, «Өнер алды – қызыл тіл» деген қазақтың жаны мен болмысы, сан ғасырлық өркениеттік дамуының нышаны мен қазақтықтың алғышарты.

"Нұрлан ҚОЯНБАЕВ: Түпкілікті мақсатым – президент болу" - Арман адамды алға жетелейді. Қоянбаевты да. Иә, иә, кәдімгі «Түнгі студияның» қожайыны, жалпақ жұртқа «КВН-щик» болып танылған Нұрлан Қоянбаев. Қазір Нұрекең дүрілдеген атақ-даңқы мен аса танымал тележүргізушілігімен қоса, үлкен қызметте – «Қазақстан» РТРК-ның бас продюсері. Осылайша асығы алшысынан түсіп, тасы өрге домалап тұрған Нұрлан Қоянбаевтың түпкі мақсаты президент болу екенін көп жұрт білмесе керек. Есесіне жұрт енді біліп жүреді.

AZATTYQ.ORG. "Ерлері «терроризммен» сотталған әйелдер «қысым қатты» екенін айтады" - Маңғыстау облысындағы ерлері терроризмге қатысты баптармен сотталып кеткен әйелдер өздерінің полиция тарапынан қысымға ұшырап отырғандарын айтады. «Еркін жүріп-тұрудан қалдық» деген олар балаларының да мектепте «қара тізімде» жүргеніне қынжылады. Ал полиция инспекторлары министр бұйрығын орындап жатқандарын айтса, мектеп психологы мәлімет үшін ғана жеңіл сауалдар қоямыз дейді.

"«Хан» ұнамайды, «президент» cөзі ұнайды" - Шілденің 24-і күні федералдық орталық пен Татарстан арасындағы өкілеттіліктерді бөлісу туралы келісімшарт күшін жояды. Ресей президентінің әкімшілігінде істейтін жоғары лауазымды шенеунік маусым айының соңында «Коммерсант» газетінің «Жаңа келісімшарттың мәтіні Кремльмен келісілді ме?» деген сұраққа «ешқандай жаңа шарт жоқ» деп жауап берді. Содан бері шарт тағдыры туралы ешқандай ресми мәлімдеме жасалмады.

INFORMBURO.KZ. "Оқу бітірген жас маман жұмыссыз неге қаңғып жүр?" - Жоғары білім алған жастардың көбі жұмыс таппай сенделіп жүр. Кім кінәлі? Жалақысы төмен жұмысқа бармаған дипломды маман ба, әлде жағдайын туғызбаған үкімет пе?

ABAI.KZ. "Рәбиға Сыздықова: Үш тілді бірден оқытқанда бала­ның ана тілі болмайды" - Филология ғылымдарының докторы, академик Рәбиға Сыздықова тіл тазалығына ерекше мән беру керек екенін айтты.

"Жақын таласса – жатқа жем" - «Байлық, байлық емес, бірлік байлық» деп «бірлікті» ту еткен тәуелсіз елміз. Тарихымызды таразыласақ, шынайы көңілмен босағамызды аттаған әрбір бейтанысты құшақ жая қарсы алатын тектілікке иеміз. Оның үстіне жақсы ниетпен келгенге опасыздық жасаған жеріміз жоқ. Қанымызда бар осындай құндылықтар тәуелсіз Қазақстанды саясат сахнасында үлкен абыройға бөледі. Қазір елімізді әлем демократиялық дамушы мемлекет ретінде таниды. Танып қана қойған жоқ, Ұлы Дала елін төрткүл  тарап түгел құрметтейді. Осының барлығы ел бірлігінің жемісі.

TURKYSTAN.KZ. "Билер әділ болмаса…" - Қазақтың дау-жанжалының бәрі ертеде ауыл ақсақалдарының, қара қылды қақ жарған әділ билердің төрелігімен шешіліп отырған.  Дауласқан тараптар ел сайлаған қазылардың бір ауыз сөзіне тоқтаған, шешімдеріне қарсы шықпаған. Ал қазір әділет іздегендер сотқа жүгінеді, судьялардың үкіміне құлақ түреді. Бүгінгі қазылар бұрынғы туғаны жоқ тура билердің жолын жалғап жүр ме? Бұл сұраққа жауап іздегенде көп күмілжідік. Өйткені соңғы кезде елімізде жазықсыз сотталғандар жайлы ақпараттар, парамен ұсталған судьялар, мәртебелі қазылардың әділдігі мен біліктілігіне шәк келтірген арыз-шағымдар көбейіп кетті. Сот беделі бүкіл биліктің абыройы екенін естен шығарған судьялар халықтың ожданы саналатын органға деген ел сеніміне селкеу түсіріп жүргендерін біле ме екен?

"Екі қолға бір күрек табылған жер" - Қазақстанның халықаралық аренадағы имиждін көтеруге бағытталған  тынымсыз шаруалар кейде  ел азаматтарының аңдамай басқан шалыс адымының көлеңкесіне қалып қоятыны өкінішті. Әсіресе, өзге мемлекет шекарасынан заңсыз өткен қазақстандықтардың көбеюі ел абыройына сын болып тұр.

DALANEWS.KZ.  "Диктатордың бәрі талантты…" - Олар елден ерекше жаратылған. Олар жер басып жүрген сіз бен бізден биік тұр. Олардан асқан талант иесі жоқ, түсінгеніміз.

25 шілде 2017, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.