Атырау, 20 сәуір 09:11
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Диспансердің орнында шипажай болады

3 102 просмотра


Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы туберкулезге қарсы күрес диспансері жабылды. Облысымыз республика бойынша туберкулезге шалдығу көрсеткіштері бойынша алдыңғы қатарларда тұрғанда бұл жаңалық біз үшін түсініксіз болып көрінді.  

Біздің ресми сауалымызға облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВА былай деп жауап берді: диспансер бөлімшелерін ірі емдеу мекемелеріне қосу Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «интеграциялық бақылау» атты туберкулезді жою стратегиясы аясында жүзеге асып отыр. ҚР аумағында 2015 жылы интеграциялық бақылау бойынша өзгерістер алғаш рет Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында енгізіліп, оң нәтиже көрсеткен соң, бүкіл республика бойынша енгізу туралы шешім қабылданған.

«Құрманғазы ауданындағы 50 төсектік М.Ғилаев атындағы аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансері «Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің төсек қорын оңтайландыру туралы» №408 бұйрығына сәйкес, 2017 жылдың 24 шілдесінде жабылды. Науқастар Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде қаралатын болады. Ал Ганюшкиндегі ғимарат «Атырау облыстық туберкулез шипажайы» ретінде қолданысқа беру жоспарлануда», - деп хабарлайды М.Аймурзиева. Ал мынау оның жауабында келтірілген цифрлық мәліметтер: жырты жыл ішінде әрбір 100 мың тұрғынға шаққандағы облыс бойынша туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіштері орташа есеппен 35,6-ны құрады (2016 жылдың 6 айында – 34,7).

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

25 шілде 2017, 15:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.