Атырау, 20 сәуір 06:38
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Қазақ хандығы" сериалының екінші маусымына кастинг жарияланды

2 197 просмотра


Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ хандығы" сериалының екінші маусымына үш жастан сексен жасқа дейінгі аралықта актерлерге кастинг жариялайды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы "Қазақ хандығы" сериалының екінші маусымына кастинг жариялайды. Сериалды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы түсіреді", - делінген хабарламада. 

Кастингке үш жастан он жасқа дейінгі балалармен, 18-80 аралығындағы ерлер мен әйелдерге кастинг жарияланды. Барлық ұлт өкілдері қатыса алады. Ұйымдастырушылар әйелдерге талап қойды: "Әйелдердің татуажсыз, жасанды кірпіксіз және бет бояуынсыз келулерін сұраймыз". 

Кастинг Алматыда 25 шілдеден 10 қыркүйекке дейін төмендегі мекен жай бойынша жүреді. Әл-Фараби даңғылы, 176, "Қазақфильм" киностудиясы, ПЛК ғимараты, 2-ші этаж, 255 кабинетте өтеді.  Сериалдың режиссері - бірінші маусымды түсірген Рүстем Әбдірашов ("Қаладан келген қыз", "Сталинге сыйлық", "Балалық шағымның аспаны", "От өзен", "Темір тау", "Тығырықтан жол тапқан", "Қазақ хандығы. Алмас қылыш"). 

Айта кетейік, таяуда Рүстем Әбдірашов голливудтық актер әрі режиссер Николас Кейджбен кездесті. 

Дереккөз: Тengrinews.kz


25 шілде 2017, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.