Атырау, 16 сәуір 21:00
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Сатпаев қаласында педофилді соққыға жыққан полицей жұмыстан қуылды

Бейнежазба
2 165 просмотра


Сатпаевта кішкентай қызды зорлады деген күдікпен ұсталған азаматты ұрып-соққан полиция сержанты жұмыстан шығарылды,- деп хабарлайды Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.

Интернетте полиция формасын киген ер адам ұсталған азаматты ұрып-соғып жатқан видео пайда болған. Осыған қатысты облыстық ІІД баспасөз қызметі пікір білдіріп, ұсталған азаматқа қол көтерген полицей жұмыстан қуылғанын айтты. 

"Тергеу жұмыстары жүргізілген соң, тергеуші кабинеттен шығып кеткенде, қарауылдағылардың бірі күдіктіге қол көтерген. Қазіргі уақытта полиция қызметкеріне қатысты ҚР ҚК 362-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Полиция сержанты ішкі істер органынан қуылып, қамауға алынған. Қылмыстық іспен айналысқан тергеуші шеттетілді", — деп хабар берді Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі Бақытжан Құдияров. 



Бұдан бұрын жоғалып кеткен қыздың 50 жастағы ер адамның үйінен табылғаны хабарланған. Ол қызды зорлағанын мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

25 шілде 2017, 11:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.