Атырау, 29 наурыз 19:29
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Шешенстанда “Қадыровқа тіл тигізген” он адам ұсталды

1 533 просмотра


Шешенстанда мессенджер арқылы сөйлескені үшін он адамды ұстаған. Жас жігіттер мессенджер арқылы аудио және видео хабарлама алмасып, Шешенстан президенті Рамзан Қадыровты (суретте) тіл тигізген деп айыпталып отыр. Бұл туралы “Кавказ.Реалии” сайтына жергілікті тұрғындар айтқан.

Былтыр Шешенстан тұрғыны республикадағы коррупция мәселесін айтып, Ресей президенті Владимир Путинге шағымданған. Кейін оның үйін белгісіз біреулер өртеп жіберген. Джалалидинов елден кетіп қалған.

Шешенстанның тағы бір тұрғыны Марет Зансулаева да елдегі жемқорлық пен әлеуметтік мәселелерді айтқан еді. Осыдан кейін жергілікті парламенттің депутаты Магомед Даудов Зансулаевамен кездескен. Бұл кездесу барысында Занзулаева Қадыровтан кешірім сұраған.

Дереккөз: Азаттық

25 шілде 2017, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.