Атырау, 28 наурыз 17:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қару қайда?

4 126 просмотра

Blackberry мейрамханасының дәретханасында шетелдікті аяусыз соққыға жыққан екі жас жігітке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды.

Бақылау камераларына түсіп қалған бұл кадрлар ғаламторға таралып, мыңдаған атыраулықтар бет-аузы қызыл ала қан болып, еденде жатқан ер адамды тепкінің астына алған және тапанша кезеніп тұрған екі жігітті көрген еді.

Кейінірек соққыға жығылған ер адамның – 1965 жылы туған Пәкістан азаматы Мухаммад Муса Абдул Уахаб екені белгілі болды. 2017 жылдың 25 наурызына қараған сол түні ол облыстық ІІД-ге шағымданды. Сотқа дейінгі тергеу жұмысы ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-тармағы («Атыс қаруын, газды қаруды немесе өзге де суық қаруды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған бұзақылық») бойынша жүргізілді. Ол бойынша шабуыл жасаушыларға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін. Күдіктілерге іздеу жарияланған соң көп кешікпей табылған олар сот санкциясымен 2 ай мерзімге тергеу абақтысына қамалды.

Сот-медицина сараптамасының нәтижесінде зардап шегушіге тигізілген ауырлық дәрежесі «жеңіл» деп танылып, іс 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастыратын және тараптардың ымыраласуына рұқсат етілетін 3-тармақтан 2-тармаққа өзгертілді. Атырау облыстық ІІД бастығы Аян ДҮЙСЕМБАЕВТЫҢ таяуда брифингте айтқан мәлімдемесіне сүйенсек, солай болды да:

- Бүкіл әрекеттер заң аясында жүргізілді.

Біздің бейресми мәліметтеріміз бойынша, зардап шегуші қомақты зиян сомасын талап еткен, нәтижесінде екеуі оған 30 мың АҚШ долларын төлеп, бостандық алған.

Бейнежазбадағы қандай маркадағы тапанша екенін полицейлер хабарламады. Шабуыл жасаушылардың адвокаты Динара САТАЙБАЕВА түсіндірді:

- Бейнежазбадағы пневматикалық қаруға ұқсайтын нәрсе ойыншық болып шықты. Анықтама бойынша атылуы мүмкін емес, іс жүзінде де атылмады, сондықтан істе «қару қолдану» деген белгі қолданылмады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

24 шілде 2017, 17:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.