Атырау, 25 сәуір 18:32
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Прокурор Харькованы 4 жылға соттауды сұрады

2 428 просмотра

Лариса Харькова (сол жақта) адвокатымен бірге сотта. Шымкент. 24 шілде 2017 жыл
Еңбекші аудандық сотындағы бүгінгі отырыста прокурор Нұрлан Ешімқұлов судьядан Қазақстан тәуелсіз кәсіподақтар конфедерациясының бұрынғы басшысы Лариса Харькованы төрт жыл бас бостандығынан айыруды сұрады деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Прокурор Харькованың дүние-мүлкін тәркілеп, бес жыл кәсіподақ жұмысымен айналысуын шектеуді, жәбірленушілерге келген шығын көлемін өндіру де сұрады.

Жәбірленуші Сағира Нұрбекова мен Сәуле Әбдібаева прокурордың сөзін қуаттады.Лариса Харькова бір сағатқа созылған сөзінде өзінің айыпсыз екенін, кәсіподақ жұмысын заң шеңберінде орындағанын, тағылған айып тергеу кезінде де, сот процесінде де дәлелін таппағанын айтып, соттан өзін ақтауды өтінді.

Айыпталушының адвокаты Дана Волкова өз сөзінде прокурордың немқұрайлылығын, тергеушілердің қателіктерін, бұл іс қылмыстық іске жатпайтынын, жәбірленушілер азаматтық не экономикалық арызбен шығу керектігін ескертті. Адвокат мемлекеттік органдардың тәуелсіз кәсіподақтың ісіне араласқанын заңға қайшы екенін айтып, тағылған айып дәлелденбеді деп, соттан Харькованы ақтауды сұрады.

Лариса Харькова 30 миллион теңгегеден артық ақшаны алаяқтық жолмен сенімге кіріп жымқырды деген күдікпен қамауға алынған.

Дереккөз: Азаттық

24 шілде 2017, 13:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.