Атырау, 20 сәуір 18:55
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Жауынгерлер АрМИ-2017 аясында Эльбрус шыңына шығады

2 356 просмотра

Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ – Биік тауда ұрыс жүргізуге арналған бөлімшелер арасындағы Халықаралық «АрМИ-2017» армия ойындарының финалында жауынгерлер Эльбрус шыңына шығады, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен. 

«30 шілдеде басталатын Халықаралық «АрМИ-2017» армия ойындарының финалында жауынгерлер Еуропаның ең биік шыңы - Эльбрус шыңына шығады», - делінген РФ қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған хабарда.  
«Эльбрус шеңбері» («Эльбрусское кольцо»)халықаралық жарыста биіктігі 5642 метрлік Эльбрус шыңына шығу бойынша жаттығулар РФ қорғаныс министрлігінің «Терскөл» атты Тауда ұрыс жүргізуге дайындық орталығында, Эльбрус маңында өтіп жатыр. 

Жауынгерлер салмағы 40 кг болатын толық экипровкасымен 105 шақырымдай жол жүріп, 12 км болатын биіктік айырмашылығынан өтіп, 7 асудан асып (олардың әрқайсысының биіктігі теңіз деңгейінен 3,5 км-ден асады), 6 мұздықтан, 2 мұз белдеуден, 5 тау өзенінен, 3 арнайы учаскеден – таудағы өзеннен өту, құз жарлар мен мұз басқан алқаптардан өтіп, әскери топтар одан уақыт нормативтерімен өтулері керек. 

2017 жылы «Эльбрус шеңбері» жарысына 6 мемлекет қатысатын болды: Ресей, Қазақстан, Қытай, Иран, Өзбекстан мен Марокко. 

Еске салсақ, биыл «Халықаралық армия ойындары – 2017» 29 шілде мен 12 тамыз аралығында бес мемлекет аумағында өтеді: Ресей, Әзербайжан, Беларусия, Қазақстан мен Қытай аумағында. Жаңадан бес конкурстық ойындар қосылады: «тәртіп сақшысы» - әскери полиция жауынгерлерінің арасындағы жарыс, «әскери ралли» - әскери автомобильдер экипаждарының арасындағы жарыс, «жол патрулі» - әскери автомобиль инспекторларының жарысы, «достастық жауынгері» - ТМД әскери қызметкерлері арасындағы жарыс (арнайы жасақ бөлімшелерінің) және «ҰҰА топтарының арасындағы жарыс»(Ұшқышсыз ұшу аппараттары). 

Қазақстан атынан 249 жауынгер 11 конкурсқа өтінім беріп отыр. Ресей аумағындағы өтетін («танк биатлоны», «әскери барлау үздігі», «эльбрус шеңбері», «аспан кілті»), ҚХР аумағындағы («десант взводы», «қару шебері», Беларусиядағы  («достастық жауынгері») Әзербайжандағы («теңіз кубогы») және Қазақстанда өтетін («ҰҰА топтарының жарысы», «мерген шебі», «артиллерия атысының шеберлері») байқауларға. 

Қазақстан аумағындағы жарыстар 1-9 тамыз аралығында өтеді және оған 18 елден 400 –дей жауынгер қатысады, Бұл ретте жарысқа тұңғыш рет Сирия, Әзербайжан, Өзбекстан мен Бангладешь мемлекеттерінен қатысады. 

Биыл Жамбыл облысының Гвардейский кентінің аумағындағы полигонда 3 конкурс өтеді. Атап айтқанда олар «ҰҰА топтарының жарысы», «мерген шебі», «артиллерия атысының шеберлері». 

Дереккөз: ҚазТАГ

24 шілде 2017, 12:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.