Атырау, 19 сәуір 03:38
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Николас Кейдж қазақтың шапанын киіп, күйін тыңдады

1 591 просмотра


Кеше "Оскар" жене "Алтын глобус" сыйлықтарының иегері Николас Кейдж Астанада студенттер мен балалармен кездесті. Голливуд жұлдызы Николас Кейдж "Адай" күйі мен "Көзімінің қарасын" тыңдап, қазақтың ұлттық шапанын киді.

Студенттермен əңгімелесу кезінде Кейдж арманындағы рөлі Жюль Верннің" Су астындағы он екі мың лье"  шығармасының кейіпкері Капитан Немо екенін айтты.  

Қонақжай қазақ  халқы қашанда қонағын сыйлықсыз қайтармаған. Сондықтан актерге екі музыкалық сый тарту етілді. 

Дәл Кейдждің алдында саусағынан бал тамған домбырашылар Құрманғазының "Адай" күйін орындады. Ал құрметті қонақтың өзі қалтасынан телефонын шығарып, онда қазақ мәдениетінің кішкене бір бөлігін сақтап қалмақ болды. Дегенмен операторлық қызметке бөліне алмады. 

Елордада болған бір жарым күн ішінде, Николас Кейдж өзінің ондаған қазақстандық табынушыларына бақыт сыйлады. Ең жолы болғандар жұлдызға жақындағаны соншалықты, "Мен арманымдағы адамға жақындай алдым" деп қуаныштарын жасыра алмады. 

Фанаттарымен қоштасқан Николас Кейдж, министр, әкім және ректормен бірге лифтіге костюммен кіріп, қанық жасыл шапанмен шықты. 

Дереккөз: Sputnik

24 шілде 2017, 10:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.