Атырау, 25 сәуір 13:41
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жылы болу үшін

2 603 просмотра


21 шілдеде Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Атырау жылу жүйелері» АҚ президенті Нұрадин ШАМШАТОВТЫҢ (суретте) қатысуымен қысқа дайындық барысы туралы брифинг өтті. Бірақ журналистер кездесу тақырыбын кеңейтті.

Н.Шамшатовтың айтуынша, күрделі жөндеудің жалпы көлемі 2017 жылы болат құбырларды қымбат тұратын пластик тұрбаларға ауыстырудың көбеюі салдарынан төмендеген. Биыл 4,9 км құбырларды пластикке ауыстыру қарастырылған. Экономистер есептеп шығарды: 5 жылдан кейін кәсіпорын елеулі үнемдеуге қол жеткізу үшін биылғы жылдан бастап жыл сайын 15-18 км-ден ауыстырып тұру керек. Соңғы 4 жыл ішінде 302 км кварталдық жылу жүйелерінің бар болғаны 14 км-і коррозияға шыдамды материалдан жасалған құбырларға ауыстырылған.

Өткен жылу маусымында кәсіпорынның диспетчерлік бөліміне 32-58-58 телефоны бойынша пәтерлердің салқындығы туралы 110 шағым түскен. Көп жағдайларда проблема тұтынушылардың жылу жүйесіндегі ақаулықтардың салдарынан туындаған.

"АЖ" сұрақтар қойды:

- Неліктен басқа елдерде жылу жүйелері жер астына жүргізілген, ал бізде қала келбетін «безендіріп» тұр? Неліктен пластик құбырларға ауыстыру жұмыстары жай жүргізіліп жатыр?

- Басқа елдерде жерүсті трассалары аз қолданылады, бірақ оларда ол бар. Атыраудағы жерасты суларының деңгейі өте жоғары екенін білесіздер, осы себепті болат құбырлар 3-4 жылдан әріге шыдамайды. Екіншіден, полиэтилен құбырлар жылу жүйелеріне пайдалану үшін жарамсыз – қаланы жылу жүйесін қамтамасыз етіп отырған температура мен қысымға шыдамайды. Бүкіл жер жүзінде осындай: жылыту үшін полиэтилен қолданған бірде бір ел жоқ. Егер автономды қазандық жүйесі болса, ондағы жылу сақтағыштың температурасы 70-80 градус. Ал ЖЭО жылу сақтағышы суық айлары 12 атмосфералық қысымда 150 градусқа дейін жетеді. Бірде бір пластик мұндай параметрлерге төзбейді. Көп елдерде жылу жүйесі автономды. Әр үйдің, мекеменің өз қазандығы бар. Сондықтан оларда біздегідей ұзын жылу жүйелері жоқ. Атырауда тарихи тұрғыда жүйе ЖЭО жылуды жылу жүйелерінің километрі есебімен өндіретіндей етіп салынған.

- Қазандық сатып алып, жылу жүйелерінен бас тартуға болмас па?

- Атырауда мұндай тәжірибе бар. Нұрсая ықшамауданында жаңа үйлерге шағын қазандықтар салынды. Қазір бұл қалалық әкімдіктің бас ауруына айналды. Неліктен? Біріншіден, қазандықтар тез тозады және оларды дұрыс пайдалану үшін білетін қызметкер керек. Екіншіден, ол жерде қалалық су құбырының суы қолданылады. Бұл тұз ерітілген ауыз су. Нәтижесінде құбырларда шәйнектегідей қақ түзіліп, соның салдарынан жылу құбырларының жылу беруі төмендеп, содан соң мүлдем тоқтайды. Бізде суды химиялық тазарту бойынша үлкен цех жұмыс істейді. Біздің құбырларда тұз жоқ, өйткені су тазартылған.  

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді пайда деген түсінік бар. Мәселен, егер мен жеке инвестор болып, көппәтерлі үй салған болсам, оны автономды қазандыққа қосып, пәтерді сатқан болар едім. 3 жылдан кейін қазандық жұмыс жасамай қалғанда, маған оның қатысы болмайды. Ал біраз уақыт өткеннен кейін ЖЭО-на қосылу тиімдірек екені түсінікті болады. Өйткені қазандықты пайдалану шығындары үнемі өсіп отырады.

Ал жеке үйлерді жылыту үшін шағын қазандықтар дөп келеді. Онда пластик тұрбаларды қолдану тиімді, өйткені олардың ішкі қабырғаларына қақ тұрып қалмайды, пайдалану мерзімі де 50 жыл.

Басқа журналистердің сұрақтары.

- Нұрсая ықшамауданы мен Балықшы поселкесі ЖЭО жүйесіне қашан қосылады?

- Бірнеше жыл бұрын Фин жылу қазандығынан Нұрсаяға дейін диаметрі 430 миллиметр болатын құбыр салынды. Сол кезде көппәтерлі 28 үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылды. Биыл 4 үй салу жоспарланып отыр, олар да жылу жүйесіне қосылатын болады. 2017-18 жылдары Нұрсаяда ертерек салынған 29 үйді қосу жоспарда бар. Өйткені оларда автономды қазандықты пайдалану анағұрлым шығынды болуда.

Балықшы поселкесін жылу жүйесіне қосу жобасы бойынша тендер жүргізіліп, мердігер жұмысқа кірісті. 2017 жылы осы жоба аясында магистралды жылу жүйесі салынатын болады. 2018 жылы кварталдық жылу жүйесі салынып, поселкелік қазандықты қайта жарақтау жүргізілетін болады.

- Бұл тұрғын үйлерді қосу Атырау қаласындағы жылу тарифінің көтерілуін тудырмай ма?

- Біздің тариф жүйенің ұзындығына байланысты болады. Қазіргісі 5 жылға – 2020 жылға дейін бекітілген. Сондықтан оны біз өзгерте алмаймыз.  

- Сіздер пластикті тек ТШО зауытынан ғана сатып аласыздар. Бәлкім, басқа жерлерде арзанырақ сатылатын шығар?

- Қазақстанда термоберік полиэтиленді басқа ешкім шығармайды. Ал бізден қазақстандық және жергілікті мазмұн қамтылсын деп талап етіп отырғаны рас қой? Оның үстіне тасымалдау да қымбатқа шығады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

23 шілде 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.