Атырау, 20 сәуір 04:45
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Желіде прокурорды жаралап, кейін өзін атып өлтірген адамның видеоүндеулері жарияланды

Бейнежазба
2 283 просмотра


Youtube желісінде өзін Өмірбек Жампозов деп таныстырған адамның видеоүндеуі пайда болды. Ер адам құқық қорғау органы өкілдерінің тарапынан заңсыз қылмыстық қуғындауға ұшырағанына шағымданып, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің атына жазылған арызын оқиды.

Өмірбек Жампозов — "Қазақстан су шаруашылығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры. Ол 20 шілдеде Ақмола облысы Целиноград ауданы прокуратурасы алдында прокуратура қызметкері мен полицейге оқ атып, жаралаған. Содан соң ер адам өз-өзін атып өлтірді.

Бас прокуратура хабарлағандай, Жампозов бюджеттік қаражатты жымқыру ісі бойынша сотталушы болған. Сол күні сот үкімі шығуы тиіс болатын. Жараланған прокурор сотқа мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысқан.

Дереккөз: Sputniknews.kz 

21 шілде 2017, 15:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.