Атырау, 28 наурыз 16:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Ресей АҚШ-тың сыртқы саясатына кедергі жасап отыр

1 645 просмотра


Ресей АҚШ-тың сыртқы саясатына кедергі келтіріп отыр - деп мәлімдеді АҚШ орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео. 

«Мәскеу біздің жұмысымызды қиындату үшін барын салып келеді. Ресейге Уашингтонға кедеркі келтірген өте қатты ұнайды. Олар Сүрияда да «Ислам мемлекеті» ұйымымен күресіп жүрген жоқ. Сүриядағы терроризммен күресте Ресейдің үлес салмағы өте аз.» - деді Майк Помпео журналистер алдында сөйлеген сөзінде.

Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ орталық барлау басқармасының директоры Майк Помпео Ресейді АҚШ-қа хакерлік шабуыл жасады деп айыптаған болатын. 

Дереккөз: qazaqtimes.com 


21 шілде 2017, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.