Атырау, 19 сәуір 13:48
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жетінші рет кісі өлтіргені үшін сотталды

3 788 просмотра

Атырау облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мастықпен кісі өлтіру туралы істі қарады.

Биылғы жылдың ақпанында 50 жастағы Құрманғазы ауданының тұрғыны Х. кезекті жазасын өтеп шыққаннан кейін (әйел адам алты рет сотталған – бес рет ұсақ ұрлықтар мен бір рет қарақшылық жасағаны үшін) бостандыққа шығады. Ал наурызда Атырауға достарына қонаққа келеді.

21 наурызда Балықшыда Құнанбаев көшесі, 13 үйдегі жатақханаға бес адам жиналады. Ұзақ уақыт арақ ішіліп, содан соң бөлменің 30 жастағы иесі араларындағы жалғыз әйелге «көңіл көтеруді» ұсынады. Олар асүйге келіп, біраз уақыттан кейін оралып, отырысқа қатысуды жалғастырады. Содан кейін үй иесі мейманына «қайталауды» ұсынады, әйел бас тартады. Сол кезде ол үстел үстінде жатқан пышаққа жармасып, оның санына салып алады (кейінірек сарапшы жеңіл дене жарақатын анықтайды). Әйел асүйге жүгіріп кетіп, пышақ алып шығып, пышақты өзін ренжітушіні мойнына салып алады. Ер адам қан көп кету салдарынан көз жұмады. Сотта сарапшы айтқандай, егер зардап шегушіге жедел жәрдем шақырылғанда оны құтқарып қалуға болатын еді. Бірақ бөтелкелестерінің ешқайсысы 103-ке қоңырау соқпайды. Ал әйел біраз уақыт өткеннен кейін жақын маңдағы учаскелік полицияның пунктіне кінәсін мойындап келеді.

Сот Х.-ны ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-тармағы («Адам өлтіру») бойынша кінәлі деп тауып, қатаң режимдегі колонияда 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын берді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 шілде 2017, 18:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.