Атырау, 28 наурыз 21:17
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

"Трамп пен Путиннің жасырын кездескені рас па?", "Қырғызстанда ГЭС салатын чех компаниясы күмәнге ілікті", "Қытайдың құлдырауы немесе Льюдің ажалы", "Мирзиеев Кәрімов құрған жүйеден біржолата құтылғысы келеді", "Жаңа дәстүр ме, жаңсақ дәстүр ме?"

1 901 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ислам туралы аудиожазбалармен түрмеге түскендер" - Соңғы айларда Қазақстанда діни араздық өршітті деген айыппен «сүнниттік исламдағы салафи бағытты ұстанушы» үш адам сотталды. Олардың ешбірі өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ, қорғаушылары олардың құқықтары бұзылды дейді.

"Қырғызстанда ГЭС салатын чех компаниясы күмәнге ілікті" - Чех басылымдары Қырғызстанда ГЭС салу туралы тендерді ұтқан Liglass Trading CZ s.r.o. компаниясының қаржы жағдайына күмән келтіріп отыр. Компания құрылыс жобалап, салу және қаржыландыру тәжірибесі барын айтады.

"АҚШ-тың Ресейдегі жаңа елшісін ауыр жұмыс күтіп тұр" - Ресейдегі АҚШ елшісі қызметіне Дональд Трамп ұсынып отырған Джон Хантсманның жұмысы қиын болатын сияқты. Оған Вашингтон мүддесін Мәскеуде қорғау үшін барлық дипломатиялық тәжірибесі мен шеберлігін салуға тура келеді.

INFORMBURO.KZ. "Зейнетақы қорындағы ақшаны уақытынан ерте шешіп алуға бола ма?" - Зейнетақы қорының ұтымсыз инвестициялық саясатын көргендер есепшотындағы активтерін зейнетке шықпай тұрып, шешіп алу жағын ойлап жүр. Бұл мүмкін бе?

ABAI.KZ. "Қытай қазақ руларын шежіре кітап шығару арқылы бөлшектеп жатыр" - Жуырда Қытайдың "Таң дәуіріндегі поэзия. Үш жүз өлең" атты кітабын оқып шықтым. 650-ден 950-жылдар аралығында өмір сүрген Жаң Жиюлиң, Ли Бай, Ду Фу, Уаң Уи секілді жүздеген ақынның өмірбаяндары мен өлеңдері қағазға қаттап, дәл кеше өмірден өткендей тасқа қашаған екен. Кеңестік кезеңде бес ғасырды жырлатқан Мұхтар Мағауиннің өлшеусіз еңбегі ойыма орала берді. Мағауин сынды біртуар ұлдарымыз болмағанда қазақтың әдебиеті қараң қалғандай екен. Бұған да шүкір делік.

"Алашордашы Абдолла Байтасұлы кім?" - Алаш қайраткерлерінің рухани мұрасы ұлттың баға жетпес байлығы. Сол себепті оны зерттеу жұмыстары қазіргі таңда белсенді түрде атқарылуда. Бұл ретте алаштанушы ғалымдар ұлт қайраткерлерінің өнегелі еңбектерін жинақтап, ғылыми зерттеулер жазып, елге танытып жатыр.

QAZAQTIMES.COM. "Мирзиеев Кәрімов құрған жүйеден біржолата құтылғысы келеді" - Қазіргі таңда Өзбекстан билігі өзінің жаңа қадамдарымен әлем жұртшылығын таң қалдырып келеді. Жақында Шавкат Мирзиеев өзбек журналистерін билікті сынауға, қоғамда болып жатқан өткір мәселелерді айтуға шақырды. Мемлекеттік телеарналардан адам құқығы, сөз бостандығы жайында әңгімелер айтыла бастады. Бұл шын мәнінде осылай ма? Өзбекстан билігі расында да дамудың жаңа жолына түсіп, демократияға бет бұра бастады ма?

"Қытайдың құлдырауы немесе Льюдің ажалы" - Өмірде өзінің өзгеше қолтаңбасын қалдырған жазушы Лью Шияубо Қытайдағы Нобель  сыйлығын алған тұңғыш адам болды. Жасыл шардың астында таусылмайтын жыр болған осы сыйлыққа ол 2010 жылы ие болған еді. Тоғыз жыл тас бұғауда ғұмыр кешкен Лью мырза өткен аптада бақилық болды. Оның өлімі аса көрнекті трагедияның белгісі және аяқталмас әңгіме болатындай. 

ҚАЗТАГ. "Қазақстанның мұнай саласын субсидияламау керектігінің себебі неде?" - Мемлекеттің өміршеңдігін арттыру үшін экономикалық жоспарлаудың маңыздылығын айтпаса да түсінікті. Осы аспаптардың дәлдігі қолданылып отырған үлгілердің күрделігіне және жарияланып жүрген статистика сапасына тікелей байланысты. Өкінішке қарай сырт бақылаушы Қазақстан үкіметі қолданатын болжами үлгі сапасы туралы түк те айта алмайды. Егер ондай ақпарат болса, ол тым мардымсыз және біркелкі емес. Бұл мақалада біз экономикалық жоспарлаудағы қарапайым әдістерді қолданып мемлекеттік менеджмент тұрғысынан ынталандыруға және субсидиялауға тұрарлық салаларды саралап көреміз. Біз үкіметтің дағдарысқа қарсы күресінде қолдап отырған кейбір салалар өзінің тиімсіздігі себепті мемлекеттен ешқандай қолдау алмауы керектігін байқаймыз. Екінші жағынан, көптеген басқа салалар экономикалық матрицадағы өзінің мәнділігінен немесе әлеуметтік факторлардан шынымен де қолдау көріп отыр. 

AIKYN.KZ. "Трамп пен Путиннің жасырын кездескені рас па?" - Ақ үйдің қазіргі басшысына жаға бермейтін бірқатар америкалық басылымдар кешелі –бері сенсациялық мақалалар шоғырын жариялады. Оның бірі АҚШ президенті Дональд Трампқа қатысты болып отыр. Айта кетер болсақ, осыдан оншақты күн бұрын Гамбургте «Үлкен жиырмалықтың» кездесуі  өткені белгілі. Аталған кездесуде ресми хаттамада көрсетілгін 40 минуттың орнына екі президент 2 сағат 15 минут уақыт бойы сөйлесіп, болашаққа қатысты бірқатар халықаралық мәселелерді шешуге уағдаласқаны белгілі. Енді міне АҚШ-тағы ең ірі The Washington Post газеті.

"Порошенко Саакашвилиді ұстап бере ме?" - Украинаның президенті Петр Порошенко Михаил Саакашвилидің грузин құқық қорғау органдары тарапынан іздеуде жүргенін білмейтін болып шықты. Бұл туралы ол Грузияға барған сапарында журналистерге  мәлім етті. 

TURKYSTAN.KZ. "Жаңа дәстүр ме, жаңсақ дәстүр ме?" - Қазақ салт-дәстүрге бай халық. Оның бірі бүгінде дәріптелсе, бірі мүлде ұмытылған. Кейбірін қазіргі қоғамда қолданудың да қисыны келмейді. Ал кейбірін заманауи қоғамға ықшамдап, сәйкестендіруге әбден лайық. Өкінішке қарай, дәстүрді ескіден емес, Еуропадан іздеуге құмарлар қатары көбейген. Қазақы дәстүрге сіңісіп кеткен кейбір «жаңа ырымдар» туралы тарқатып көрелік.


20 шілде 2017, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.