Атырау, 25 сәуір 13:10
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қорғаныс министрлігіндегі "коррупция ісі" бойынша сот шешімі шықты

2 320 просмотра


19 шілдеде Астанада "қарулы күштердің қажеттілігіне бөлінген мемлекет қаржысын жымқырды" деген айыппен 11 адамға сот шешімі шықты.

Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету бас басқармасы басшысының орынбасары подполковник Төлеміс Жұмқазиев он екі жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Жұмқазиевтің көмекшісі Шарипов және Қарулы күштердің бас қаржы инспекциясы Гапирова 10 жылға сотталды.

Қаржы министрлігінің бюджетті бақылау комитетінің қызметкері Ибадулаева жеті, Қарулы күштердің қаржы инспекциясының қызметкері Тілеубаева үш жылға бас бостандығынан айырылды. Судья 50 жастан асқан сотталушылар амнестияға ілінгенін, жазасының бестен бірін ғана өтейтінін айтты.

Пара берді деп айыпталған коммерциялық фирмалардың алты басшысы төрт-бес жылға сотталды. Прокуратураның дерегінше, кәсіпкерлер тендердің 12 пайызын пара ретінде комиссия төрағасы Жұмқазиев пен Шариповке және басқа да қызметкерлерге аударып отырған. Тергеу мәліметінше, пара көлемі - 70 миллион теңге (214 мың доллар).

Дереккөз: Азаттық

20 шілде 2017, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.