Атырау, 29 наурыз 15:06
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қылмыстар хроникасы

2 871 просмотра


Самал ықшамауданында 17 шілдеде электр монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде №21 көшедегі жеке үйдің 39 жастағы қожайыны тоқ соғып, сол жерде көз жұмды. Бұл туралы ТЖД-ның кезекші бөлімшесі хабарлады.

***

Атырау қалалық №2 соты «мектеп алаяғына» қатысты істі қарады. Азаматша Т.А. 16 зардап шегушіге мектеп кешін ұйымдастыруға уәде беріп, әрқайсысынан 55 мың теңге алып, бәрін алдап кеткен. Сотталушының зардап шегушілермен татуласуына және оларға зиян мөлшерін қайтаруына байланысты сот қылмыстық істі тоқтатуға қаулы етті. Алайда Т.А. пәтер алаяқтығына байланысты басқа эпизод бойынша үкім алды. Оның зардап шегуші Ж.К.-ден мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға көмектесемін деп 1,1 млн теңге алып, оны алдағаны анықталды. Т.А. ҚР ҚК-нің 190-бабы (алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Кәмелетке толмаған балалары бар екені ескеріліп, жаза 3 жылға кейінге қалдырылды. 

20 шілде 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.