Атырау, 23 сәуір 15:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Коллектор сыпайылық таныта ма?

2 736 просмотра


Атырау облысының банктері берілген тұтыну несиелерінің 40 пайыздайын уақытында ала алмайды. Бұл 116 млрд 825 млн теңге. 142 184 қарыз алушының қарызы коллекторларға берілген.

Атырау облысында 594 мың адам тұрады. Яғни, бүгінгі күні тұрғындардың төрттен бірі коллекторлық компаниямен істес болып отыр. Коллекторлар мен қарыз алушылар арасындағы қарым-қатынасты реттейтін Заң жақында ғана – биылғы жылдың 2 маусымында қабылданған. Қарыз алушылардың бәрі бірдей коллекторлардың нені жасауға, нені жасамауға құқығы бар екенін біле бермейді.

Сот шешімімен қарыз алумен айналысатын сот орындаушылардан айырмашылығы, коллекторлар банк қарызын немесе микронесие бойынша бережақты сотқа дейін өндіріп алумен немесе реттеумен, сондай-ақ, қарызға байланысты ақпаратты жинаумен айналысады.

- Коллекторларға баспана түрінде кепілдік салынған несие бойынша қарызды беруге болмайды. Берешек коллекторлық агенттік жұмысында болған кезде кредиторға қарызды уақытында өтемегені үшін тұрақсыздық төлемін (айыппұл, өсім) есептеуге, сонымен қатар, пайыздар бойынша төлемдерді талап етуге тыйым салынады, - дейді «Ұлттық банк» АФ директоры Айнұр КӨШЕРБАЕВА.  

Коллектор қарызды қаншалықты тезірек алғысы келгенімен, оның қарыз алушыны демалыс және мейрам күндері мазалауға құқығы жоқ. Заңмен белгіленген уақыт – жұмыс күндері сағат 8.00-ден 21.00-ге дейін. Коллектор бұл ережелерді бұзбауға, сондай-ақ, қарыз алушыны жаңылыстыруға, оған қоса, күш қолданып қорқытып және масқаралайтын мәліметтер таратуға, алаяқтық, жалған құжаттар жасау, бопсалау арқылы психологиялық қысым көрсетпеуі тиіс. Оның қарыз алушыдан ақша алуға, кредитордан алынған құпия ақпаратты жария етуге, ақшадан басқа мүлікпен бережағын өтеуін талап етуге құқығы жоқ. 

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

20 шілде 2017, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.