Атырау, 25 сәуір 06:29
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Су көрсеткіші қашықтан есептеледі

2 046 просмотра


Қала тұрғындарында су есептегішін орнату мүмкіндігі пайда болды. Ондағы мәліметтерді су дайындау кәсіпорны қашықтықтан оқи алады. Бұл туралы брифингте «Атырау Су Арнасы» КМК директоры Андрей ТАШЛЫКОВ хабарлады.

- Біз өндіруші компаниялардан есептегіштер алдық. Аспаптар 2 жыл мерзімге бөліп төлеу бойынша орнатылады, ай сайынғы төлем 540 теңгені құрайды. Яғни, бір аспаптың құны 12 960 теңге. Бүгінде осындай 100 аспап орнатылды. Олардың қолайлылығы сол – бүкіл көрсеткіштерді онлайн бағдарламалық жасақтама арқылы көреміз, абоненттерді мазалаудың қажеті болмайды.

Ташлыков, сондай-ақ, биылғы жылы қаланың бірнеше ауданындағы қызмет сапасын жақсарту жобалары туралы хабарлады.

Бірінші учаске ауданында Белинский мен Верхняя Садовая көшелеріндегі ұзындығы 180 метр су құбыры мен Перетаска ауданындағы тұрғындарға арналған су құбыры (Водников-2 поселкесіндегі салынып жатқан су құбыры пайдалануға берілгеннен кейін) шығыршықталады. Сонымен қатар, М.Горький көшесінің бойындағы диаметрі 110 мм тұрба болатын су құбырын салу; Сәтпаев көшесінің бойындағы 48 және 50 үйлердің маңындағы диаметрі 300 мм болаттан жасалған су құбырларын ауыстыру,  Ескі әуежай ауданында Құрманғазы көшесінің, сондай-ақ, Ақжар, Ақсай және Бірлік ауылдарының тұрғындарына болат су құбырынан полиэтилен су құбырына қосу жоспарланып отыр. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

19 шілде 2017, 17:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.