Атырау, 18 сәуір 20:17
 ашықВ Атырау +18
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Қазақстанда вакцинацияны міндеттеуді заңмен талап ету енгізілуі мүмкін

1 694 просмотра


Қазақстанда заңмен вакцинацияны міндетті түрде талап ету енгізілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Қазіргі уақытта заңнамаға түзетулер топтамасы әзірленуде. Оның ішінде, мәселен, вакцинацияны міндетті түрде талап ету мәселесі де талқылануда. Бірақ, мұны жақтаушылар да, қарсы болушылар да бар. Біз барлық тараптың пікірін ескеруіміз керек. Әзірше, бұл мәселеге қатысты түбегейлі шешім қабылданған жоқ», - деді ол. 

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, діни уәжбен қауіпті инфекцияларға қарсы салынатын екпелерден адамдардың бас тартып жататындығы да елімізде кездеседі.

«Олардың арасында мұсылмандар да, христиандар да бар. Бұл ретте көп жайт түсіндіру жұмыстарына байланысты. Өйткені, адамды екпе жасауға немесе қан құюға мәжбүрлеуге біздің құқығымыз жоқ. Бұл азаматтардың өзінің түсінігі мен жауапкершілігіне байланысты. Дегенмен, бұл тұрғыда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», - деді министр.

Дереккөз: ҚазАқпарат

19 шілде 2017, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.