Атырау, 29 наурыз 04:14
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

БАҚ: Интерпол Әблязовты іздестіруді тоқтатты

1 786 просмотра


Халықаралық іздеуде жүрген БТА банктің экс-төрағасы Мұхтар Әблязов Интерпол тізімінен алынып тасталды. Бұл туралы ақпараттық дереккөзіне сілтеме жасап France-Presse агенттігі хабарлады.

Интерпол Әблязовке қатысты іздеудегі адамды ұстауға және экстрадициялауға рұқсат беретін қызыл белгіні де алған.

7 маусымда Алматыда сот Мұхтар Әблязовті "қылмыс жасауға оқталу", "қылмыстық қоғамдастық құру, оған басшылық жасау", "сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету", "БТА банк қаржысын жымқыру және оның ізін жасыру", "банк қаржысын заңсыз пайдалану" және "өкілеттіктерін теріс пайдалану" баптары бойынша кінәлі деп танып, сыртынан 20 жылға соттады. Үкім бойынша, Әблязовтің дүние-мүлкі тәркіленіп, банкте кәсіби қызмет атқару құқығынан 3 жылға айырылады және 300 айлық есептік көрсеткіш (680700 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Францияда 2013 жылдың жазынан бері үш жылдан аса уақыт қамауда болған Мұхтар Әблязов 2016 жылы 9 желтоқсанда бостандыққа шыққан. Ол өзіне тағылған айыптарды мойындамайды және өзіне қарсы істің саяси астары бар деп таниды.

Дереккөз: Азаттық

19 шілде 2017, 10:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.