Атырау, 25 сәуір 17:49
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Көлік апатында жүргінші зардап шекті

Бейнежазба
3 935 просмотра


Атырау жолындағы екі көліктің соқтығысуы нәтижесінде кездейсоқ жаяу жүргіншіні аударылып қалған «Лада» көлігі жаншып тастады.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 17 шілдеде сағат 18.05-те Амандосов көшесінде орын алған жол-көлік оқиғасының жан түршігерлік бейнежазбасы месенджерлерге тез таралды. Ол жерде бір көлік солға қарай бұрылуға тырысуда, ал одан кейін келе жатқан көліктің оны басып озуға тырысқаны көрініп тұр.

Қатты соқтығыс салдарынан ол бүйірлеп аударылып түсіп, жол жиегінде кетіп бара жатқан адамды жаншып тастады. Осыдан кейін «Лада» тоқтап тұрған «Шевролет авео» көлігімен соқтығысып, оны екпінмен дәріхана ғимаратына қарай «лақтырып тастады».

1959 жылғы зардап шеккен жаяу жүргінші түрлі жарақаттармен облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілді. Оған «сол жақ сан жілігінің жабық сынығы» деген диагноз қойылды.

Осы факт бойынша іс жүргізу шешімі медициналық қорытындыдан кейін қабылданатын болады. 


Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 шілде 2017, 17:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.