Атырау, 24 сәуір 11:44
 ашықВ Атырау +27
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қария мен өзен

Сурет
6 009 просмотра


Егер ертелетіп жағалау бойымен жүрсеңіз қолына қармақты қолапайсыз ұстаған кішкентай баладан бастап шашы ағарған қарияға дейін көруге болады.

Атыраудағы балық аулау ісі туралы сұхбаттасу үшін маған бірнеше рет қамыс арасымен жүруге тура келді. Балық аулаушылардың бәрі өздеріне имене ұстап, ақырында анағұрлым тәжірибелі, сөзге ұста адам деп мені Мәди ОМАРОВҚА деген кісіге жіберді. Шынымен де, ол менің сұрақтарыма жауап беруге ықыласпен келісе кетті.


- Балық аулаумен көптен айналысып келесіз бе?

- Міне, санаңыз. Алғаш рет қармақты 14 жасымда қолға алдым, ал қазір жасым 77-де.

- Сіз үшін балық аулау қандай іс?

- Бұл ең алдымен демалыс, табиғатпен тілдесу, ірілеу балықты ұстап алсам деген құмарлық. Мен көптен бері зейнеткерліктемін, таңертеңгілік Қарттар үйінен шығып, осы іспен шұғылданамын. Заңды бұзбаймын, бәрі өз орнымен – 5 қармақ және 5 келі балыққа дейін. Бірақ соңғы жылдары мұндай мөлшерде балықтар түсе де бермейтін болған...

- Ауланған балықты не істейсіз?

- Әдетте біздегі Қарттар үйіндегі әжейлерге беремін. Егде тартқан шақта олардың асқазандары әлсіздеу болып келеді, ал балық сіңімді. Міне, сондықтан да олар: «Мәди, балық әкел» дейді (күледі). Әрине, ірілеуі түссе, сататын да кездерім болады. Ұсақ балықты ешкім сатып алмайды.


- Ал балық тұздайсыз ба?

- Білесіз бе, бірде-бір рет тұздап көрген емеспін. Жаңа ауланған балық анағұрлым дәмді болады.

- Бізде қолыңыз бос қайтпайтын ерекше жерлер бар ма?

- Қалай десем екен, әр балықшының өз құпиялары мен өзіне ұнайтын жерлер болады. Біреулер спиннингтер пайдаланады, бізде көпір астынан жиі аулайды. Ал біреулер бұрынғыша, мен сияқты, қармақ лақтырып аулайды. Біз бәріміз бір-бірімізді білеміз, әр уақытта «өз» жерімізге келеміз. Мәселен, мен үнемі осы жерден балық аулаймын. Балық өтетін жерді тазартып, қамысты алып тастап, қолайлы болу үшін орын әзірледім. Егер таныс балықшылардың біреуі осы жерден балық аулағысы келсе, үнемі рұқсат сұрайды (күледі). Көбінесе менің олжам беріш балығынан – ұсақ көксеркеден тұрады. Сосын алабұғаның пайда болғанын байқадым.

- Қандай қармақжем қолданасыз?

- Бұл енді қаржыға байланысты. Жалтырауық, батырғы, жылтыр қармақ және т.б. түгел жинау үшін 3-4 мың теңге керек. Маған, зейнеткер үшін бұл қымбат. Қолдағы нәрселерді қолдануға тура келеді. Мен, міне, ақ түсті каучуктен арзан шәрке сатып алдым. Оны бөлшектеп кесіп, қармаққа іліп, картоп салатын қызыл торға бекіттім. «Мормышка» болып шықты. Батырғы ретінде менде сомындар бар. Қармақ бауға 450 теңгедей ақша жұмсаймын, көбінесе бұл ақшалар балық сатудан түсетін ақшалар. Тәжірибелі балықшыға қымбат құрал-сайман қажет емес. Ал қармақ бауы сапалы болуы тиіс. Нашар бауды пайдаланып, үлкен қателік жасап, қармаққа түскен үлкен балықтан айырылып қалуың мүмкін.


- Ал сіз аулаған ең үлкен балық қандай?

- Бір күні салмағы 30 келі болатын жайын ұстадым (сүйсіне айтты).

- Балықшылардың өз ырымдары бар ма?

- Біріншіден, балық аулауға шығар алдында әйеліңмен ұрыспау керек! Әйтпесе, жақсы олжа түспейді! – деп күлді Мәди аға. – Содан соң, алғашқы балығың қандай болса да, жіберіп қоймау керек, мейлі ол құрттай қаракөз болса да.

- Балық аулау тыныштықты сүйеді, мен пайымдаушылықты қажет етеді дер едім. Ал сізде қалай?

- Айтып өткенімдей, балық ауласам демалып қаламын. Бірақ балық қолыма түсе бергенде, сытылып кетсе, қатты ашуланамын. Көңілге кірбің түсіретін бір жайт – Жайықта балық мүлдем азайып кеткен. Кейде осы үшін ішімді мысық тырнағандай болады...

Мәди ағамен қоштасқан соң мен сырт көзбен оны ұзақ бақыладым. Құдды Хемингуэйдің повесіндегі Сантьяго қария секілді, ең керемет балық қажет қармақты қашан қабар екен деп ұзақ күтті. Дегенмен, бұл істе адамды еліктірер нәрсе бары сөзсіз.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

18 шілде 2017, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.