Атырау, 25 сәуір 20:32
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

СІМ Түркия "қара тізіміне" енген қазақстандықтар туралы пікір білдірді

2 199 просмотра


Қазақстан сыртқы істер министрлігі Түркия үкіметінің қара тізіміне енген екі мыңға жуық қазақстандыққа қатысты түсінік берді.

"Бүгін Түркиядағы Қазақстан Елшілігіндегі әріптестеріміз маған БАҚ-та жарияланған ақпараттың біраз қателік бар екенін хабарлады. Сондықтан сіздерге түсіндіргім келеді. Біздің мәліметке сәйкес, Түркия Ішкі істер министрлігі «Түркия ДАИШ-пен күресте» деп аталатын кітап жариялаған. Аталған есепте Түркия билігінің аталған террорлық ұйыммен күресте қандай түрлі шаралар жүргізгені келтірілген. Есептің соңында 2011 мен 2017 жылдың аралығында аталған лаңкестік ұйымға қатысы бар деген айыппен немесе күдікпен ұсталған түрлі елдердің азаматтарының саны келтірілген. Оның ішінде Қазақстан, Ресей, Франция, Сауд Арабиясы және басқа да елдердің азаматтары бар. Бұл азаматтардың көбі бүгінде елге оралған да шығар" деді министрліктің ресми өкілі Әнуар Жайнақов.

Бұған дейін Түркия ішкі істер министрлігі жариялаған есепте 1914 Қазақстан азаматы Түркия шекарасы арқылы Сирияға өтпек болды деп көрсетілген. Түркия «1941 қазақстандықтың» Сириядағы қақтығыс аумағына барғаны туралы мәлімет бар деп, оларды өз территориясына кіргізбейтінін мәлімдеді. Бұл есепте Қазақстан азаматтары қақтығыс аймағына кіруге жиі талпынатын 10 ел қатарында аталған.

Дереккөз: Азаттық

18 шілде 2017, 14:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.