Атырау, 29 наурыз 19:20
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Қазгидромет ШҚО-дағы дауылдың шығу себебін түсіндірді

2 175 просмотра


АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысында дүлей дауылдың шығу себебін түсіндірді. Қатты жел нысандарға залал келтірген болатын. 

«Қазгидрометтің Шығыс Қазақстан облысындаға филиалына қарайтын метеоболжамдар бөлімі синоптиктерінің 17 шілдеге жасаған болжамы бойынша, өңірде қатты жел (күші 15-20 м/с), найзағай жаңбыр күтілген. Суық ағынның күшейіп өтуі кезінде, жергілікті атмосфералық процестер пайда болып, желдің 30 м/с және аса күшеюіне ықпал еткен. Мұндай  қатты жел 2 метеостансада тіркелген (Жалғызтөбе стансасында желдің күші 30 м/с-ке жетті, басталуы 15.50, аяқталуы 16.30, желдің ұзақтығы 40 минут, ал  Селезневка стансасында желдің күші 34 м/с жетті, басталуы 18.02, аяқталуы 18.16, желдің ұзақтығы 14 минут). Метеорологиялық стансалар жедел және  уақытысында желдің күшеюі туралы дауылды ескертуді тиісті органдарга жеткізілген», - деді «Қазгидромет» РМК директорныың бірінші орынбасары Мереке Әбдірахметов. Оның айтуынша, күшті желдің пайда болуына, температураның айырымы және жергілікті вертикальды ағындар әсерін тигізген, осыған байланысты күшті  түйдек жауын бұлттары пайда болды. «Жергілікті вертикальды ағындар процесінің ерекшелігі, мұндай атмосфералық процестің болатын жерін, уақытын анықтау өте қиынға соғады және мұндай процесс кенеттен және өте жылдам пайда болады, оған жергілікті жердің орографиясы да әсерін тигізеді», - деді Мереке Әбдірахметов. 

Қазгидрометтің мониторинг мәліметтеріне сәйкес, жаһандық климаттың өзгеруіне байланысты табиғи қауіпті құбылыстардың жиілеген және көлемі ұлғайған. Мысалы 2015 жылы Қазақстан аумағында 11 000 жағымсыз ауа-райы құбылысы тіркелген, ал 2016 жылы  ол өсіп 12 100-ге жеткен. Тек қана 2017 жылдың маусым айында найзағай құбылыстары 1 217 болып отыр, бұл орташа көпжылдық нормадан 4 есе жоғары (айына 20 ғана). 

Қауіпті құбылыстар өткінші жел күшейіп дауылға айналады, желдің екпіні 30 м/с жоғары болып ұйытқып соғып тез арада дүлей дауылға ұласады. Дауыл - кенеттен желдің күшеюі (1-2 минут уақыт ішінде 8 м/с немесе одан да көп), түйдек жаңбырлы бұлттарға байланысты. Дауыл кезінде желдің жылдамдығы 10 м/с артады 20-25 м/с және одан да көп болуы мүмкін), ұзақтығы бірнеше минуттан 1-1.5 сағатқа дейін жетеді.  Дауыл кезінде ағаштарды сындырып, жеңіл ғимараттарға зақым келеді. 

Еске сала кетсек, 17 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында қатты дауыл соғып, 35 нысанның шатыры қирады. Олардың қатарында тұрғын үйлер, шаруашылық құрылыстар, денсаулық сақтау, білім және мәдениет нысандары бар. Сондай-ақ  дауылда 5 адам зардап шекті. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

18 шілде 2017, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.