Атырау, 29 наурыз 18:17
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

ШҚО-да дүлей дауыл тұрды: Үй шатырлары мен көліктер қирады

Бейнежазба
2 546 просмотра


Шығыс Қазақстан облысында секундына 30 метрге жететін күшті жел тұрып, көптеген ғимараттар мен көліктер қирады. Өскеменде жұлынып кеткен шатыр көліктердің үстіне түскен, желден жарнама құрастырмалары қирап, аялдамалар мен ағаштарды құлатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дауыл 10-15 минуттай уақыт болған. Әлеуметтік желілердегі хабарламаларға қарағанда, өңірдің барлық жерінде де тұрғындар желдің болғанын айтып отыр. Қолданушылар құлаған ағаштар, қираған аялдамалар және бүлінген көліктерді суретке және видеоға түсіріп, редакцияға жолдады. 


ШҚО ТЖД мәліметінше, өңірдің кейбір жерлерінде ұйытқыған жел жылдамдығы секундына 30-35 метрге дейін жеткен. 

"Қазір өңірдің түрлі жерінен дауылдың салдары жайлы хабар алып жатырмыз. Күшті жел Жарма, Ұлан аудандарындағы ғимараттардың шатырын ұшырып әкеткен. Осындай хабарламалар Өскеменнен де түсіп жатыр. Қазіргі уақытта бұл мәліметтердің барлығын жинастырып, жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз. Мұның алдында таралған ескерту бойынша өңірде желдің өті секундына 30 метрге жеткен", - деп хабарлады ТЖД өкілдері.


Дереккөз: Tengrinews.kz

18 шілде 2017, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.