Атырау, 22 сәуір 17:20
Кешке жаңбыр жаууы ықтимал+12, түнде +11
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.79  € 402.94  P 5.33

Оңтүстік Корея Пхеньянды әскери келіссөз жүргізуге шақырды

17 шілде 2017 15:34


Ресми Сеул Солтүстік Кореямен әскери келісім жүргізіп, екі ел шекарасы маңындағы жауласуды тоқтатуды ұсынады. Бұл туралы Оңтүстік Корея сыртқы істер министрінің орынбасары Су Чху Сок (суретте) мәлімдеді. Сок Оңтүстік Корея келіссөзді 21 шілдеде Тонгилгакта өткізуге дайын екенін айтты.

Тонгилгак - Панмунджом қалашығындағы Солтүстік Кореяға тиесілі ғимарат. Бұл жерде осыған дейін екі Корея арасындағы келіссөздер өткен. Екі ел үкіметі соңғы рет 2015 жылдың соңында кездескен. Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуге, қарым-қатынасты жақсартуға дайын екенін айтқан.

Оңтүстік Корея мен әлем елдері Солтүстік Кореяның баллистикалық ракеталарды жиі сынауына алаңдайды. БҰҰ Солтүстік Кореяның зымыран бағдарламасына шектеу қойған.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

628 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға жылы қабақ танытты  649 рет қаралды

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея бірлескен саммитке дайындалып жатыр  209 рет қаралды

Оңтүстік Корея мен АҚШ Қытайдың қарсылығына қарамастан зымыран жүйесін орнатып болды  731 рет қаралды

АҚШ әскери техникаларын сынап, Солтүстік Кореяға ескерту жасады   775 рет қаралды

Басты бет

1 2 3