Атырау, 19 сәуір 21:03
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"«Қазақ ұлтшылдығы» жайлы қаулы қалай орындалды?", "Қытай несиесі – қауіпті тұзақ", "Түркиядағы бүлік: бір жылдан соң не өзгерді?", "«Олжас Сүлейменов – өте трагедиялы тұлға» – Айдос Сарым"

2 299 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Қазақ ұлтшылдығы» жайлы қаулы қалай орындалды?" - Отыз жыл бұрын, 1987 жылғы шілденің 16-сында КПСС Орталық комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жөніндегі жұмысы туралы» қаулы қабылдады. Көпшілік арасында «қазақ ұлтшылдығы туралы» деп аталған қаулының күші екі жылдан кейін жойылды. Сарапшылар сол жылдары демократиялық процестердің күшеюі атышулы қаулының науқаншылдыққа ұласуына мүмкіндік бермеді деп санайды.

"Орталық Азия президенттері және Иран аятолласы" - Орталық Азия президенттері билікте ұзақ отырған сайын кітаптары жиі шығады және оларды мадақтаған шаралар да үдей түскен.

"Назарбаев және ұлттық қауіпсіздік" - Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) 25 жылдық мерейтойында сөйлеген президент Нұрсұлтан Назарбаев чекистерді «үнемі сақ болуға» және «қорғанысқа әзір отыруға» шақырды. Біреулер мұны әдеттегі жаттанды сөз десе, басқа сарапшылар «Назарбаев ҰҚК-нің рөлін күшейтуді көздейді» деп, президенттің пікірінен секемденді.

ABAI.KZ. "Қытай несиесі – қауіпті тұзақ" - Қазақстан үкіметіне қарасты «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры Қытай даму банкімен 3 млрд долларлық несие алу жөніндегі келіссөздер бастамақ. Қор басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің мәліметінше несие өте төменгі пайызбен берілмек. Әлемде ешбір елге есесін жебермейтін Қытай үкіметі Қазақ еліне қабағы жылып, арзан несие түріндегі қаржы құюының себебі неде?

"Қазақстанда диаспора өкілдерінің ассимиляцияға түсуі прогрессивті үрдіс" - Қазақстаннан Ресейге көшу үрдісі 1970 жылдан 1994 жылға дейін қарқынды жүрді. 1995 жылдан кейін ол көш саябырсып қалды. 1988 жылы еліміздегі неміс диаспорасының өкілдеріне Германияға көшуге рұқсат берілді. Бір миллион немістен 130 мың адам қалды. Елдегі халықтың 50 пайызға жуығын құраған орыс қазір 19 пайызға жетпейді. Осылайша, тоқсаныншы жылдары Қазақстанда демографиялық миграциялық отарсыздану жұмысы қарқынды жүре бастады. Қазір, Құдайға шүкір, еліміздегі орыс диаспорасының тарихи отанына көшу үрдісі жандана бастады.

INFORMBURO.KZ. "Бірінші топтағы мүгедек:"Мені бақытты ететін сүйікті ісім мен жарым"" - Мүгедек жандардың кез-келген кәсіп түрімен айналысуға мүмкіндігі шектеулі. Ал қолынан келген істі жасау – олар үшін үлкен ерлікпен пара-пар.

365INFO.KZ. "«Олжас Сүлейменов – өте трагедиялы тұлға» – Айдос Сарым" - Қазақ елі латын қарпіне көшкелі отыр. Бұл тақырып төңірегінде түрлі пікірлер айтылып, күн тәртібінен түспей келеді. Журналистер ойда жүрген сауалдардың бір парасын белгілі саясаттанушы Айдос Сарымға қойыпты.

AIKYN.KZ. "Түркиядағы бүлік: бір жылдан соң не өзгерді?" - 15 шілде… Бұл күн бауырлас Түркия үшін өзгеше мән-маңызы бар, қиын-қыстау сәтте бұқара мен биліктің берекесі сынға түскен күн ретінде тарихта қалды. Өйткені осыдан бір жыл бұрын 2016 жылдың 15 шілдесінен 16-сына қараған түні Түркияда әскери төңкеріс жасалмақ болған еді. Түрік армиясының бір топ офицері билікті басып алмаққа ұмтылған болатын. Дегенмен әскерилердің бұл әрекеті сәтсіз аяқталды. Ресми Анкара төңкерісті ұйымдастырушы ретінде АҚШ-та тұратын түрік ойшылы Фетхуллах Гүленді атаған еді. Сол күннен бері Түркиядағы саяси оқиғалардың беталысы күрт өзгерді. Билікті басып алмақ болған топты кімнің ұйымдастырғаны жөнінде екіұдай пікір әлі де бар. Біз бір жыл бұрынғы оқиғаның астарына үңіліп көрдік.

JASQAZAQ.KZ"Бурабайда бітелген бұлақ көп" - Шашақты найза секілді мәңгі жасыл қарағайлар көмкерген тау етегінде ойдым-ойдым қайың шоқтары да көп. Топ қайыңның алқымындағы жасыл шалғынның сөлі қашқандай. Тасты-құмды өңірдің ылғалы кем. Қара қарғаның миы қайнайтын шілде тумай-ақ кенезесі кепкен сыңайы бар. Дәл бұрынғыдай Бурабайдың баурайынан сансыз бұлақ сабылып ағып жатпағандықтан шығар-ау.

SPUTNIKNEWS.KZ. "Неліктен Қазақстанда пәтерлер сұранысқа қарамастан арзандап жатыр?" - Қазақстанның статистика комитеті баспана нарығындағы бірден жандануды констатациялайды. Алайды сарапшылардың пікірінше, пәтерлерді сатып алу–сату мәмілелері бойынша ресми статистика жылжымайтын мүлік саласындағы нақты ахуалға сәйкес келмейді.

DALANEWS.KZ. "Ж. Қуанышәлин: «Қосанов пен Көшімге емес, Әбіләзовке сенелік!»" - Белгілі саясаткер, өзін оппозицияның белді өкілі санайтын Жасарал Қуанышәлин әлеуметтік желідегі парақшасында Әміржан Қосанов пен Дос Көшімді «жалған оппозицияшы, жалған ұлтшыл» деп, қатты сынға алыпты. Оның пікірнше, Қосанов — Әкежан Қажыгелдиннің, Дос Көшім — биліктің «құйыршығы». Мұндай адамдарға сенуге болмайды. Өзі болса, шетелде қашып жүрген Мұхтар Әбіләзовты қолдайтын көрінеді. Сөзінің соңын тек қана Әблязовқа сенейік деген тұжырыммен аяқтапты. Саясаткердің пікірін оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.


17 шілде 2017, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.