Атырау, 24 қыркүйек 13:46
Кешке ашық+17, түнде +14
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

Қазақстан бидай экспортын азайтқан

17 шілде 12:49

Фото: Айқын
Қазақстан 2017 жылдың қаңтар-мамыр айында 1,6 млн тонна бидай және меслин өнімін экспорттаған. Бұл көрсеткіш өткен жылдың алғашқы бес айымен салыстырғанда 16,7%-ға немесе307,7 млн долларға аз. 

Қаржы есебі бойынша осы жылдың алғашқы бес айында экспорт 255 млн долларды құраған және өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 16,9%-ға төмен. Бидайдың көп бөлігін Өзбекстан сатып алған. Бұл елге 72 млн долларға 616 мың тонна бидай тасымалданған. Сондай-ақ, 376 мың тонна бидайды 60,8 млн долларға Тәжікстан алған. Қытай 33,6 млн долларға 185 мың тонна, Ауғанстан 19,3 млн долларға 119 мың тонна бидай сатып алған. Ал Қырғызстанға 17,6 млн долларға 99,1 мың тонна, Италияға 20,1 млн долларға 83,9 мың тонна бидай экспортталған. 

Сондай-ақ, Қазақстанның бидайын аз сатып алған елдер Ресей (10,8 млн долларға 61,3 мың тонна) мен Швеция (6,4 млн долларға 21,2 мың тонна бидай). Бұдан бөлек Қазақстанның бидайы Түркия (5,9 млн долларға 29,3 тонна) мен Туниске (4,1 млн долларға 18,9 мың тонна) экспортталған. 

Айта кетейік, мамыр айында Ауыл шаруашылық вице-министрі Қайрат Айтуғанов үкімет отырысында "соңғы жылдары Қазақстандағы астықтың сапасы төмендеп кеткен" деп мәлімдеген. Мысалы 2011 жылдары 1-ші және 3-ші санаттағы астықтың көлемі 88% болса, 2016 жылы бұл көрсеткіш 45%-ға дейін құлдыраған. 

Дереккөз: qazaqtimes.com

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

350 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Жергілікті жұмыртқа алыпсатарлардың олжасына айналды ма?  1284 рет қаралды

Доллар дағдарысы  808 рет қаралды

Франциядан Қазақстанға 11 млн доллардың иіссуы жеткізілген   737 рет қаралды

Қазақстан бірнеше елдің азаматтарына виза беруді оңайлатты  466 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6