Атырау, 24 қараша 05:14
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

Заңсыз сотталған Алматы тұрғыны мемлекеттен 5,7 миллион теңге өндіріп алды

17 шілде 12:42


АСТАНА, 17 шілде  — Sputnik. 15 жылға заңсыз сотталған Алматы тұрғыны мемлекеттен 5,7 миллион теңге өндіріп алды.

Істің деректеріне сүйенсек, арыз беруші С. 14 жасқа толмаған тұлғаға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық іс-әрекеттер жасады деген күдікпен 2013 жылы қазанда ұсталған. Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен 2014 жылы 15 жылға сотталған еді. 2014 жылы қыркүйек айында апелляциялық сот коллегиясы үкімді өзгеріссіз қалдырды.  

Содан кейін ер адам өзінің кінәсіздігін дәлелдеуді жалғастыра береді, 2015 жылы тамызда Алматы қалалық сотының кассациялық сот коллегиясының қаулысымен апелляциялық сот коллегиясының қаулысы өзгертіліп, іс Алматы қалалық сотының апелляциялық коллегиясының қайта қарауына жаңа құрамда жіберілді. 
2016 жылы қалалық соттың апелляциялық коллегиясы Алматы қаласы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының 2014 жылғы 27 маусымдағы үкімін алып тастап, істі қосымша тергеуге бағыттайды. 
Ақыры соңында 2016 жылы маусымда Алматы қаласы Түрксіб аудандық ІІБ тергеушісі қылмыс құрамының жоқтығына байланысты арыз берушіге қатысты қылмыстық істі тоқтатуға қаулы шығарады.

Осылайша, сот  С. Я арыз берушінің заңсыз ұсталып, сотталғанын, түрмеде 2 жыл 7 ай 7 күн, яғни 890 тәулік отырғанын анықтады.  

Арыз беруші соттан материалдық шығын ретінде 3 551 981 теңге және моральдық шығын ретінде 50 миллион теңге төлеуді сұрады. 

Сот заңсыз ұсталып, сотталу салдарынан келген зиянды өтеу туралы арызды жартылай қанағаттандыруға шешім қабылдаған. 

"Қазақстан Республикасы қаржы министрлігінен С. азаматқа материалдық шығын ретінде 2 362 397  теңге және сот шығыны ретінде 340 000  теңге, сондай-ақ моральдық шығын ретінде 3 000 000  теңге төленсін. Арыздың қалған бөлігі қанағаттандырылмайды", — делінген сот шешімінде. 

Арыз беруші соттың бұл шешіміне апелляциялық шағым түсірген екен.

Дереккөз: Sputnik

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

535 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Алматы әкімдігі жаңажылдық безендіруге тағы 429 миллион теңге бөлуді сұрады  222 рет қаралды

Наталья Слекишина изоляторда көрген зорлығы үшін 3 миллион теңге өндіріп алады   227 рет қаралды

Тұңғышбай Жаманқұловқа қатысты сот үкімі шықты   935 рет қаралды

Алматы қаласының жаңа логотипін жетілдіру жұмыстарына 10 миллион теңге жұмсалады   481 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5