Атырау, 19 қараша 04:30
Таңертең бұлыңғыр болады+4, күндіз +4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.38  € 391.28  P 5.55

Иран президентінің ағасы қамауға алынды

17 шілде 09:56

Иран президенті Хасан Рухани
Иран президенті Хасан Руханидің ағасы "қаржы жымқырды" деген күдікпен ұсталды. Reuters агенттігінің мәліметінше, Хасан Руханидың ағасы Хуссейн Ферейдун шілденің 16-сы күні қаржылық қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен ұсталған. 

AFP агенттігінің хабарлауынша, Иран прокуратурасы Хуссейн Ферейдунді пайызсыз несие алды және екі бірдей банктің директорларын заңсыз тағайындады деген күдікпен қамауға алған. Ферейдун тағайындаған екі банкирдің бірі аса ірі көлемдегі жемқорлық дауына қатысы бар болғандықтан жұмыстан қуылған. Ал екіншісі мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне шамадан тыс жоғары жалақы тағайындағаны үшін қызметінен босатылған. 

Хуссейн Ферейдун 2015 жылы Ираның атом бағдарламасы бойынша халықаралық келіссөздер делигациясынның мүшесі болған. Ол осы уақытқа дейін Иран президенті Хасан Руханидің ең жақын кеңесшілерінің бірі болып келген. Хасан Руханидің жақтастары Хуссейн Ферейдуннің қамауға алынуын "елдегі консервативтік күштердің ел президентінің беделін түсіру үшін осындай қадамдарға барып отыр" деп есептейді.

Дереккөз: qazaqtimes.com 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

420 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Шымкентте аудандық ЖПҚ басшысы ақша жымқырды деген күдікпен қамауға алынды   463 рет қаралды

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен ірі кәсіпкердің зайыбы қамауға алынды  1169 рет қаралды

Оңтүстік Қазақстанда пара алды деген күдікпен түрме бастығы қамауға алынды  839 рет қаралды

Алматыдағы арнайы операция: Екі күдікті ұсталды  113 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5