Атырау, 28 наурыз 14:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Қазавиа құтқару» мен «Қазавиа орманды қорғау» бас директорлары 100 мың доллар парамен ұсталды

2 328 просмотра


АСТАНА. ҚазАқпарат - 100 мың доллар көлемінде пара алғаны үшін «Қазавиа құтқару» АҚ бас директоры М.Д.Досымбеков пен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазавиа орманды қорғау» РМКК бас директоры Т.Т.Сексенбаев ұсталды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюроның баспасөз қызметі. 

«13 шілде күні Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ұлттық бюро департаменті 12 млн АҚШ доллары тұратын «МИ-171Е» маркалы тікұшағын алу мақсатында шетелдік компания басшылығымен келісімшартқа қол қою барысында  50 мың АҚШ доллары көлеміндегі параның жартысы алынғаннан кейін  ҚР ІІМ ТЖ комитеті «Қазавиа құтқару» АҚ бас директоры М.Д.Досымбеков пен «Қазавиа орманды қорғау» РМКК бас директоры Т.Т.Сексенбаевты ұстады. Параның жалпы көлемі 100 мың АҚШ долларын құрайды», - делінген хабарламада. 

Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. 


Дереккөз: ҚазАқпарат


17 шілде 2017, 09:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.