Атырау, 24 қыркүйек 13:46
Кешке ашық+17, түнде +14
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 340.35  € 405.46  P 5.87

Бес баланың анасы өзін өртеу ісі: Әділ шешім шығармаған судья түрмеге отыруы мүмкін

14 шілде 16:49

Фото ©Роза Есенқұлова
Алматының Алатау аудандық сотының бұрынғы судьясы Өмірзақ Серімов ауыр зардапқа әкелген жалған шешім шығару мен қызметтік бабын асыра пайдаланған деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

2012 жылы судья шешім шығарғаннан кейін бес баланың анасы Светлана Тұрғанбаева өзін өртеген болатын.  "Алдын ала тыңдау адвокаттың келмеуіне байланысты кейінге қалдырылды. Өмірзақ Серімов ҚР ҚК-нің 1997 жылғы редакциясындағы 307-баптың 4-тарауы және 350-баптың 2-бабы бойынша айыпталып отыр", - деп жауап берді Амлатының Соттар әкімшілігінің ақпаратпен қамсыздандыру бөлімінің жетекшісі Диас Махамбетов Tengrinews.kz сауалына. 

Айып актісі бойынша, Өмірзақ Серімовке 2009 жылы заң жүзінде некеде барын анықтау туралы іс келіп түскен.  Әйел адам бірнеше жыл азаматтық некеде болған ер адам көз жұмғаннан кейін үйді мұралыққа алғысы келген. Судья некені заңды деп таныған.  Марқұмның інісі болған жайтты білгеннен кейін 2010 жылы Алатау аудандық сотына шешімді жоққа шығару туралы өтініш берген. Ол өзін жалғыз мұрагер екенін айтқан. Бірақ оның өітініші қабылданбады да, әйел адам үйді өз атына аударды. Кейін ол әйел үйді бес баланың анасы Светлана Тұрғанбаеваға 4,4 миллион теңгеге сатқан.  Кейін судья неке туралы шешімін жоққа шығарған. 

Осылайша, әйелдің мұрагерлігі және үйді сатып алған Тұрғанбаеваның келісімі жоққа шығарылды. Сот Светлана Тұрғанбаеваны үйден шығару туралы шешім шығарады.  

"2012 жылдың 24 мамырында Тұрғанбаеваны үйден шығару туралы шешімді орындау кезінде әйел өзін өртеу актісін жасады, соның салдарынан 2012 жылдың 29 мамырында көз жұмды", - делінген айып актісінде.  

2013 жылдың 3 маусымында марқұм әйелдің балалары Алатау ауданының бұрынғы судьясы Өмірзақ Серімовты жазалауды сұраған. 

Дереккөз: Tengrinews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1064 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Сот OCC жұмысшыларының аштығын тоқтатуды міндеттеді  613 рет қаралды

Сот Мамайдың өзін босату туралы шағымын қанағаттандырмады  380 рет қаралды

«Прокурор» ісі: «Ашығын айтқанда, бұл – банда»  1421 рет қаралды

Аштық жариялаған 28 мұнайшы 3,3 млн теңге төлеуі тиіс болды  576 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6