Атырау, 23 шілде 03:38
Таңертең ашық+33, күндіз +35
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.56  € 374.46  P 5.51

Көпірмен серуендеуге шықпаңыз  

14 шілде 16:41


Атырау тұрғыны Валерия редакцияға Авангард пен Жилгородокты жалғап тұрған жаяу жүргіншілер көпірінің қолайсыздығы туралы хат жолдады. Яғни, оған шығуға болады, ал түсуі өте қиын екен. Біз оқырманмен кездесіп, тәжірибе жасауды ұйғардық.

…Жеңіс бағы жақтан көпірге көтерілген кезде ешқандай қолайсыздықты сезінбейсің, велосипедпен де, арбамен де әбден ыңғайлы деп ойлайсың. Керемет көрініс, өзен сыбдыры, самал жел. Бәрі жақсы!

Бірақ біз Валериямен жолдың соңына, Жилгородокқа жақындадық. Жағалауға қалай өту керек? Асфальтталған жолдан бізді үлкен жарқабақ бөліп тұр.

– Еш өте алмайсың! – деп күледі Валерия. Баспалдақтардың күйі кеткен, бәрі жеміріліп, арматурасы көрініп тұр. Дегенмен де төменге түсуге тырыстық, бірақ ештеңе шықпады.

– Өте қиын әрі жар да тік, - Валерия баспалдақтың оң жағындағы сүрлеуді көрсетті: - Мына жерде менің өтетін жерім бар, осымен түсеміз.

Фотокамераның объективі арқылы Валерияның қалай түсіп бара жатқанын қарап тұрған кезде, жүрегім аузыма тығылды.

Басмызды қатерге тігіп, түстік-ау. Бірақ мұнымен бітпеді. Енді жағалауға көтерілу керек.

Бір қызығы, асфальтталған жол тек көлік жолының баспалдағына ғана апарады. Ал жағалауға топырақ үйіндісі арқылы көтерілуге тура келді.

– Жаңбырдан кейін бұл жерден тіпті өту мүмкін емес, –деп комментарий берді Валерия.   

Жаяу жүргіншілер көпірінің жанында ретропарк салынуда. Оны 2017 жылдың жазында пайдалануға беруге уәде берілді. Оған дейін Авангардтан жеткісі келетіндерге «кедергілерден» өтуге тура келеді.


Анастасия АЛЮШИНА, ПГПУ журфак студенті

Суреттерді түсірген автор

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

1118 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Балалар бағбаны  4219 рет қаралды

Білекті де жүректі Индира  771 рет қаралды

Өмірін футболға арнаған жан  687 рет қаралды

​Дулат ИСАБЕКОВ, ҚР мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, жазушы, драматург: Халықтың бұл наразылығы тек қана жерге байланысты емес  1822 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7