Атырау, 16 сәуір 11:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

"Заңды орындап қарық қылмағандар, Заң шығарумен қалай айналысады?", "Айдос Сарым: Ердоғанның екінші Ататүрік болатын мүмкіндігі бар еді, алайда...", "«Шаңырақ ісіндегі» еркіндікке шығаратын ақша мен саясат", "Банктерде бет бар ма?"

2 212 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Банктерде бет бар ма?" - Мемлекеттен үнемі қолдау қаржысын алатын банктерді халық жақтыра бермейді. Жыл басында жүйеқұраушы банктің «бірі де бірегейі» саналып келген Qazcom Ұлттық банктен 400 млн теңге несие алған кезде әлеуметтік желі қолданушылар ұлардай шулаған еді. Әйтсе де мамандар, әсіресе Ұлттық банк өкілдері, жүйеқұраушы банктерге қолдау көрсету өркениетті елдерге тән құбылыс екенін айтудан жалықпай келеді. 

"Даудың басы – кімнің қай сиыры?" - Осы аптада шетелде бас сауғалап жүрген Мұхтар Әблязов қараптан-қарап маған тиіспесі бар емес пе? Фейсбукте: «Енді билік Әміржан Қосановты көшбасшы етіп жаңа қозғалысты іске қоспақшы...» Сондай-ақ, оның айтуынша, «бұл – арнайы қызмет комитеті жасаған қозғалыс».

AZATTYQ.ORG. "«Шаңырақ ісіндегі» еркіндікке шығаратын ақша мен саясат" - 11 жыл бұрын Алматы маңындағы Шаңырақ ауылы тұрғындары полицияның үйлерін бұзу әрекетіне ұйымдасып қарсы шыққан еді. Осы іс бойынша сотталғандардың біразы мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуға тырысып жатыр.

"Тоқтар Төлешов пен сегіз адамның соты жабық өтеді" - "Мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеті" үшін 21 жылға сотталған Тоқтар Төлешов "салықтан жалтарған" және "пара берген" деген айыппен тағы жауапқа тартылды. Шымкент соты тоғыз адамның ісін жабық тыңдауда қарайтынын хабарлады.

INFORMBURO.KZ. "Түркістан – "Екінші Мекке" атануға, әлемдік туризм ордасына айналуға лайық" - Діни және тарихи киелі орын саналатын Түркістанды әлемдік туризм Меккесіне айналдыра аламыз ба? Не кедергі? Үкімет неге құлықсыз?

ABAI.KZ. "Заңды орындап қарық қылмағандар, Заң шығарумен қалай айналысады?" - Қазақстаның Жоғарғы палатасы, ақсақалдар кеңесінің сайлауы өткен айда аяқталған. Додаға "допуск" алған депутаттардың дені жаңарды, рас. Арасында өткен шақырылымның өкілдері де болды, экс-әкімдер де болды.

"Төл атынан айрылған "Қазақ" туралы..." - Қазақтың өзінің төл атынан айрылса не болар еді? Ал оның Қазақ атымен қоса мемлекетінің атауынан да жұрдай болып тоналғаны - рас болса ше? Және ай мен күннің аманында, егер соның өзін алғанымыз рас болса, мына тәуелсіздік заманында қасақана атынан айрылып, жер сипап қалған ұлт және мемлекет - мына біз болсақ ше?

DALANEWS.KZ. "Қырғызстанның келесі Президенті Сариев болуы мүмкін" - Оңтүстіктегі көршіміз, бір туған Қырғыз елі күзде маңызды сайлау өткізеді. Қырғыз ағайындар Тәуелсіздіктен кейін 5-ші президентін сайлайды. Қазіргі президент Атамбаев Қырғыз конституциясы бойынша бұл сайлауға түсе алмайды. Дәл осы шақта бауырлас елде үгіт-насихат қызып тұр. Үміткерлердің дені «сен тұр, мен атайын», негізінен Қырғыз еліне танымал, үкімет пен биліктің әр тармағында қызмет еткендер.

TURKYSTAN.KZ. "Қаруды ұстағаннан – тастаған оңай" - Астанада Сирия мәселелерін талқылаған бесінші келіссөздер өтті. Жыл басынан бері Еуразия төрінде ай аралатып өтіп жатқан ұзын-сонар процесс мұхиттың ар жағы мен бер жағының назарын түгел өзіне аудара бастады. Өткен аптада Үлкен жиырмалық басқосуы кезінде АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің бірінші кездесуіне арқау болған да осы тақырып: Сирия. Астана алаңқайы. Ғаламдық саясат.

365INFO.KZ. "Шыңғысхан қайда жерленген, немесе наймандар жасаған үлкен қателік" - Қазақтың білігілі жазушысы марқұм Қалихан Ысқақ «Айқын» (2012 жыл. Желтоқсан) газетіне берген бір сұхбатында: «Шыңғысханның жерленген жері жөнінде сан-саққа жүгіртетін әңгіме көп. Әрине оған нүкте қою мүмкін емес. Өйткені Ұлы Қағанның мүрдесін тауып, «мынау Шыңғысханның моласы» деп ешкім айта алған жоқ. Айта алмайды да. Тек «ана жерде, мына жерде» деген болжам, суәегейлік көп.

QAMSHY.KZ. "Айдос Сарым: Ердоғанның екінші Ататүрік болатын мүмкіндігі бар еді, алайда..." - Өткен жылы Түркияда орын алған «әскери төңкеріске» 1 жыл толды. 15 шілде «әскери төңкеріс» болған түні 246 адам мерт болып, 1491 адам жараланған екен. Елде осындай қайғылы оқиға орын алып жатқанда, ел президенті Р.Т. Ердоған «әскери төңкерісті» «Алланың сыйы» деп бағалады. Бір жылдың ішінде Түркияда үлкен өзгерістер орын алды. Болмай қалған «әскери төңкеріске» қатысы бар делінген желеумен 200 мыңға жуық адам қудалауға ұшырады. Жұмысынан айырылды, түрмеге қамалды. Соның ішінде 21 мыңға жуық ғалым, ЖОО қызметкері қызметінен қуылса, 17 мың әйел мен 568 сәби түрмеде отыр. 

14 шілде 2017, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.