Атырау, 28 наурыз 23:26
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Қазақстанда криптовалютаға қатысты заң жобасы әзірленіп жатыр

2 173 просмотра


Қазақстанда арнайы жұмыс тобы криптовалюта транзакцияларын реттейтін заң жобасын әзірлеп жатыр. Жұмыс тобына "Астана" халықаралық қаржы орталығы, "Делойт", Waves, Juscutum және "Кесарев Консалтинг" сынды ұйымдар кірген деп хабарлайды LS. 

Бұл компаниялар тек құқықтық құжат дайындап қана қоймай, болкчейн технологиялар мен криптовалютаны қолданатын платформаларды және блокчейн жобаларын құруға ниетті.

"Қазақстан Жапониядан кейінгі мемлекеттік деңгейде криптовалюта жүйесін дамыту керек екенін түсініп отырған екінші мемлекет. АХҚО базасында цифрлы валюта нарығын дамыту - Қазақстанның цифрлы экономикасы үшін толыққанды экожүйе құруға жасалған қадам", - дейді  "Кесарев Консалтинг"компаниясының серіктесі Наталья Шейко. 

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық банк әзірге криптовалюта жүйесін реттеу тәсілдерін қарастырып жатқанын мәлімдеген. Сондай-ақ сарапшылар да бұл жүйенің тәуекелдері көп екенін айтқан. 

Дереккөз: qazaqtimes.com


14 шілде 2017, 13:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.