Атырау, 19 қараша 04:31
Таңертең бұлыңғыр болады+4, күндіз +4
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 332.38  € 391.28  P 5.55

Диссидент, Нобель сыйлығының лауреаты Лю Сяобо қайтыс болды

14 шілде 10:37


Қытайда 61 жасында диссидент, бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты Лю Сяобо қайтыс болды. Бірер күн бұрын оның тыныс алу қызметі бұзылғаны хабарланған еді. Дәрігерлер оны хал үстінде жатыр деген, ал туыстары оны жасанды жолмен дем алдыру аппаратына жатқызудан бас тартқан.

Бір ай бұрын түрмеде жатқан Лю Сяобоның бауыр қатерлі ісігіне шалдыққаны анықталып, оны ауруханаға шығарған болатын.

Өткен аптада Қытайға барып, Сяобоны қараған шетелдік дәрігерлер оны шетелде емдету үшін ұшақпен алып жүруге болады деген. Бірақ Қытай үкіметі оған рұқсат беруден бас тартқан.

Құқық қорғаушы, 1989 жылы Пекиндегі Тяньаньмэнь алаңында демократиялық өзгерістерді қолдайтын шерулерге қатысқан Лю Сяобо 2009 жылы "Хартия-08" манифестін жасасқаны үшін "мемлекетке қарсы әрекеттер жасады" деп айыпталып, 11 жылға сотталған болатын.

Лю Сяобо 2010 жылы "реформаны бұлжытпай және бейбіт насихаттағаны үшін" бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын иеленген. Бірақ ол түрмеде отырғандықтан Ослода өткен марапаттау салтанатына бара алмады, туыстарына да ол сыйлықты алуға рұқсат берілмеді.

Дереккөз: Азаттық

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

646 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты кім?  275 рет қаралды

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды  239 рет қаралды

Экономика бойынша Нобельді еске алу сыйлығының кімге берілетіні белгілі болды  628 рет қаралды

Ұшақ апатына ұшыраған дәрігерлер қарауы тиіс науқас қайтыс болды  315 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5