Атырау, 16 сәуір 21:56
 бұлттыВ Атырау +15
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Трамп: Путинмен өте жақсы тіл табысып кеттім

2 474 просмотра


АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен "өте жақсы тіл табысып кеткенін" мәлімдеді. Трамп CBN (Christian Broadcasting Network) телеарнасының негізін салушы Пэт Робертсонға берген сұхбатында АҚШ Ресей сияқты әлемдегі ең қуатты ядролық держава екенін, сондықтан екі мемлекеттің "қандай да бір қарым-қатынас орнатпауының мәні жоғын" айтты.

Трамп Путинмен кездесуінің ең маңызды нәтижесі ретінде Сирияның соғыс жүріп жатқан шығысындағы аудандардың көпшілігінде бітім орнату туралы жасалған келісімді атады. АҚШ Сириядағы азаматтық соғыста қарулы оппозицияны, ал Ресей Башар Асад билігін қолдайды.

АҚШ президенті сонымен қатар Путинге АҚШ-тағы президент сайлауында демократ Хиллари Клинтонның жеңгені әлдеқайда тиімді боларын, себебі өзі қорғанысқа бөлінетін қаржыны кәдімгідей ұлғайтпақ екенін мәлімдеді.

Путин мен Трамп бірінші рет 7 шілдеде Гамбургте өткен "Үлкен жетілік" елдерінің саммиті аясында кездескен. Келіссөз жоспарланған 35 минуттың орнына екі сағаттан астам уақытқа созылған.

Дереккөз: Азаттық

13 шілде 2017, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.