Атырау, 18 ақпан 10:13
Күндіз бұлыңғыр болады-3, кешке -5
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 320.42  € 400.01  P 5.66

Миялыда сармат алтыны табылды

13 шілде 2017 00:00


Қызылқоға ауданында сыры ашылмаған тарихи жерлер көптеп саналады. Көне қорғандарды зерттеу жұмыстарын Атырау облысы тарихи-өлкетану музейі жүргізуде. 

Ал Жангелдин ауылдық округіне тиесілі аумақта орналасқан ерте темір кезеңінің «Миялы қорғандар тобында» қазба жұмыстары жүріп жатыр.


Қазба жұмыстары кезінде сармат тайпаларының қабірлері, жебелер, қорамсақ, аң стилімен әшекейленген қола қазан, қыш құмыра, алтын жапсырмалар, әшекей бұйымдар табылған.  

Қазба жұмыстарына Х. Досмұхамедов атындағы АМУ-дың тарих факультетінің ұстаздары мен студенттері, сондай-ақ, М. Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университетінен келген әріптестері қатысуда. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1576 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Көне қорғандар құпиясы  2972 рет қаралды

Алматы маңындағы жарылысқа байланысты «Лаңкестік» оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды  1297 рет қаралды

Спорт жаңалықтары  448 рет қаралды

Ардагерлердің алтын добы  718 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5