Атырау, 25 сәуір 02:39
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Киберахуал: Қазақстанда және әлемде", "Жанболат Мамай: Сотта кездескенше!", "«Қазақстаннан шетелге көшкендер көбейген»", "АҚШ арнайы қызметінің назарына бұрыннан іліккен ресейлік адвокат"

1 950 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Жанболат Мамай: Сотта кездескенше!" - Азаматтық белсенді, журналист Инга Иманбай Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында қамаудағы жұбайы Жанболат Мамайдың хатын жариялады. Онда Ж.Мамай: «Мені тәуелсіз «Трибуна» газетін шығарғаным үшін айыптауда. Тура осылай жазылып тұр», – деген. 

"Психологтердің өзіне психолог керек" - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 5 пен 14 жастағы балалар арасындағы суицидтен Қазақстан бірнеше жылдан бері қауіпті бестікке кіреді. Әлеуметтік зерттеулер еліміздегі балалардың 26 пайызы өзін-өзі өлтіру жайлы ойланатынын анықтаған.

AZATTYQ.ORG. "Ақындық пен азаматтық ұстаным" - Белгілі ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов "тек шындықты сөйлейтін" ұстаным-көзқарасы билікке жақпайтынын айтады. Кей сарапшылар оны "талант пен азаматтық ұстанымды бірге алып жүруге болатынын көрсеткен тұлға" деп сипаттайды.

"«Қазақстаннан шетелге көшкендер көбейген»" - «Қазақстаннан шетелге тұрақты өмір сүру үшін көшетін халық саны көбейіп барады» дейді мамандар. Әлеуметтік және демографиялық статистика басқармасы қызметкерлерінің сөзінше қоныс аударушылардың көбі Ресей, Германия және Беларуське кетеді.

"АҚШ арнайы қызметінің назарына бұрыннан іліккен ресейлік адвокат" - АҚШ президенті Дональд Трамптың ұлымен кездесуге қатысқаны жанжалға себеп болған ресейлік адвокат Наталья Весельницкая жасырын лобби жасауы мүмкін деген күдікпен бұрыннан Америка құзырлы органдарының назарында болған. Адвокат АҚШ-қа кірерде проблемаға да кезіккен.

INFORMBURO.KZ. "Ағылшындардың поло ойыны қазақтардың шөгені болып шықты" - Ұлттық ойындар баланы компьютерге тәуелділіктен арылтады. Ал асық пен ләңгі сияқты ұлттық ойындар мектептегі дене шынықтыру сабағын алмастыра ала ма?

365INFO.KZ. "«Өз қотырыңды өзің қасы». Ақтөбелік жетімдер әкімнен күдер үзгендерін айтты" - Облыс әкіміне сеніп, кепілде тұрған үйлерін банкке бере салған ақтөбелік жетім балалар қазір қатты өкініп отырғандарын айтады.

BAQ.KZ. "Киберахуал: Қазақстанда және әлемде" - Еліміз жаһандық үрдістерге ентелеген сайын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін сіңіріп жатыр. Ендігәрі Астананың – Брюссель мен Вашигтон, Мәскеу мен Бейжің төртеуінің арасында бұрқ-сарқ қайнап жатқан әлемдік саясаттың жаңа және болжалды қауіп-қатерлеріне, өзіне де тиімді, өзгенің де тақиясына тар келмейтін жауаптар түзуіне тура келеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары еліміз, әлемде әлдеқашан жасалып қойған стандарттар мен әрекеттерді толайым қабылдай салумен шектелсе, енді қазір - «айтарым бар» фазасына көшіп отыр. Сондай мәселелердің бірі – киберқауіпсіздік.

 ABAI.KZ. "Алашорда қайраткерлерінің кейбірінің ұрпақтары крест тағып жүр" - ХІХ ғасырдың ортасында Кенесары Қасымов басқарған көшпелі мемлекеттің Ұлт-азаттық соғысы жеңіліске ұшырады. Бұл ең соңды легитимді, заңды, отаршылдықтан азат ету соғысы еді. Ресей ол кезде өздеріне лоялды истеблишментін қалыптастырып үлгерген. Отаршылдық истеблишмент пен өлкелік элита Кенесары ханның көтерілісінің жаншылуына көмектес, тілектес және одақтас болды. Сонымен қатар ел ішінде бірқатар саяси факторлар дамып жатты.

12 шілде 2017, 16:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.