Атырау, 24 қараша 05:13
Таңертең ашық+1, күндіз +3
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 330.00  € 390.72  P 5.65

Тілсіз жау қауіп төндіріп тұр

12 шілде 13:19


Өткен аптадағы аптап ыстықта 18-ден аса дала өрті тіркелді. Шамамен 58 мың гектар құрғақ шөп жанып кетті. Бұл  цифрлар облыстық әкімдікте өткен селекторлық кеңесте  келтірілді.

 ӨРТ ҮШІН СӨГІС БЕРІЛДІ

Қызылқоға ауданында 44 мың гектар жер өрт құшты. Аудан әкімі Мақсот МҰҚАНОВТЫҢ айтқан уәжі облыс әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫ қанағаттандыра қоймады, ал аудан әкімі болса қатаң сөгіс алды. Облыстық ТЖ департаментінің басшысы Сағынбек ӨМІРЗАҚОВ бар кінәні өрт кезеңіне дайын болмаған аудандық әкімдерге артып отыр. Оның кеңесте айтқан сөзіне тоқталар болсақ, еріктілерді өрт сөндіру техникасы бойынша оқыту жүргізілмеген, 24 селолық округте өрт сөндіру қосындары мүлдем болмай шыққан. Бақытымызға қарай, өрт кезінде ешкім де зардап шеккен жоқ, алайда, экологияға зиян келді, ал оның салдары адамдарға да тиеді.

- Ауа бүлінеді, үнемі ыстың иісі соғып тұрады. Бұл кенеттен болған табиғат апаттары емес, жыл сайынғы болып отыратын құбылыстар. Облыста бұл апаттардың  алдын алу жұмыстарына, қажетті техникаларды сатып алуға  қаражат бар – жағдайдың  ушыққанын күтіп отыра бермей, ұсыныстармен неге шықпайсыздар? Бұл барлық мемелекеттік органдардың келісімге келмегендігінің салдарынан орын алып отыр,  – деді өз көзқарасын білдірген Ноғаев.

КЕЗ-КЕЛГЕННІҢ ЖОЛЫ БОЛА БЕРМЕЙДІ

Суда орын алып отырған оқиғалар статистикасы өкінішке ұрындыруда – жыл басынан бері өзенге суға кеткен немесе құдықтар мен басқа да сыйымдылықтардағы тұншығып қалған адамдар саны 17, оның 7-уі балалар.  Кеңесте жағалаудағы демалыс аймақтарында қалалықтар мен қала қонақтарының суға шомылу қауіпсіздігі мәселесі көтерілді. Айталық, екі өлім дәл осындай танымал демалыс аймақтарының бірінде тіркелген болатын.  Ноғаев 6 шілдеде теңізде моторлы қайықпен ығып кеткен балықшының тағдырына алаңдаушылық білдірді. ТЖД өкілі балықшының туыстарының 8 шілде күні көмек сұрағанын, ал іздестіру жұмыстарын 9 шілде күні таңертең бастағандарын хабарлады.  Каспий жағалауымен Жылыой ауданына құтқарушылармен бірге МИ-8 тікұшағы жіберілді. Балықшыны өз қайығымен жоғалған жерінен 130 шақырымдағы қамыс арасынан тауып алған. Тірі және еш зардап шекпеген, тек шөлдеп қалған ол ауруханаға барудан бас тартып, отбасына оралды.

Ноғаев аман-есен табылған балықшыны «бақытты адам» деп атады. Алайда, бұл бақыт бюджетке қыруар шығын келтірді. Біз тікұшақтың бір сағаты 2 млн теңге екенін білдік. Шамасы, әкім «түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек» деп атап өткенде осыны меңзеген болар.  

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.

796 рет қаралдыБасты бет

Тақырып бойынша жаңалықтар

Бас дәрігерлердің басы қатты  1226 рет қаралды

Қой саудасы қызып тұр  1643 рет қаралды

Бай өңірдің тұрмысы қалай?  1782 рет қаралды

Жайылым өртке оранды, енді мал қайда жайылмақ?  1307 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5